Ми жұмысын жақсартуға арналған ТОП-4 лайфхак

Автор: редактор 27 Ақпан, 2023


👤 Психолог Бенджамин Хард есте сақтау қабілетін жақсартуға байланысты бірнеше кеңес ұсынады. 

🧠 Құпиялардың бірі – үнемі жаңа нәрсені үйрену және әркет ету.

✍🏻 Әртүрлі оқу жүйесін пайдаланыңыз

Көп уақытыңызды бір идеяны талқылауға немесе жаңа нәрсені үйренуге арнау өте маңызды. Алайда, сіз оқытудың әртүрлі әдістеріне жүгінуіңіз керек.

Егер сіз тек кітапты оқып жатсаңыз, миыңыз белгілі бір айналымда жұмыс істейді. Бұл сіздің жадыңыздың тезірек дамуына септігін тигізеді.

Әр адамның өз оқу жүйесі бар. Күрделі жағдайларда біз қосалқы әдістерге сүйенеміз. Бірақ кейбір дүниелерден бас  тартып және одан аулақ боламыз.

✍🏻 Оларға мыналар жатады:

*  Қиял: идеяларды ойлап табу

*  Көрініс: өзіңіз ойлаған идеяларды жүзеге асыру

*  Талдау: сіз зерттеп жатқан нәрсенің синтезі және идеялармен не істеу керектігі туралы 

* стратегиялық жоспарлар жасау

*  Шешім қабылдау: Сіздің идеяңызды ұстанатын бір жолды таңдау

*  Әрекет: Сіздің идеяңызға жетуге көмектесетін әрекеттер

*  Сынақ: әртүрлі бұрыштардан мәселенің шешімін қарастыру

Оқытудың қосымша әдістерін қараңыз, сонда сіздің миыңыз тез және жақсы жұмыс істейді.

⏰ Жаңа нәрсені үйрену үшін күніне 15-30 минут бөліңіз

Бала кезіңізде көзіңізге түскен затты сұрап, қорықпай ұстап, байқап көретінсіз. Дәл сол уақытта сіздің миыңыз даму үстінде болды. Өкінішке қарай уақыт өте келе адамдар жаңа әрекеттер мен тәжірибені тоқтатады. Себебі есейген сайын оның бойында үрей пайда болады. Бұл дұрыс емес. Күн сайын жаңа нәрсені үйренуге талпыныңыз. Мысалы:

📌 Тілдер

Бұл мидың жұмысын жақсартуға арналған тәжірибе. Дегенмен тек бір  ғана техникаға сүйеніп, тілдерді үйренуге болмайды. Мұны қалай жасауға болатыны туралы бірнеше кеңестер берілген:

*  Тілдік қолданбалар

*  Карталар

*  Фильмдерді түпнұсқасымен қарау

*  БАҚ-пен байланыс

*  Шет тіліндегі музыканы тыңдау

*  Түпнұсқадағы кітаптарды оқу

*  Шетел мәдениетін зерттеу

Бұл кеңестерді тәжірибеде неғұрлым көп қолдансаңыз, соғұрлым нәтижесін көресіз. Күніне бөлінген 15-30 минут уақытыңызды барынша белсенді оқуға жұмсасаңыз, ойлау жүйеңіз кеңейеді.

📌 Музыкалық аспаптар

Бұл миға өте пайдалы. Оқу процесін бейне ойындарға айналдыруға тырысыңыз. Мысалы, тапсырмаларды немесе мақсаттарды белгілі бір уақытта орындауыңыз керек жайлы миыңызға белгі беріп, алдыңызға кішігірім жоспарлар қойыңыз. Телефондағы қолданба арқылы фортепиано ойнауды үйреніңіз. Бұл көңілді және мазмұнды.

Жаңа нәрсені үйрену кезінде миыңыз қалай өзгереді

📍Біріншіден, оқыту жадты жақсартады. Ең үлкен энтузиасттер іс жүзінде фотографиялық жадты дамытады. Бұл нақты дәлелденген.

📍Екіншіден, кішігірім мақсаттарыңызды орындау кезінде жеткен жетістіктеріңіз, өзіңізге деген сенімділікті тудырады.

📍Үшіншіден, бір тақырыпты зерттеу сіздің өміріңіздің басқа салаларында шығармашылық серпілістерге ықпал етуі мүмкін. Тақырыпты толығымен жаңа әдіспен меңгеру арқылы ми сіздің қазіргі жұмысыңызға байланысты әртүрлі бірегей сілтемелерді шығарады. Бұл «жанама оқыту» деп аталады. Бұл ең тиімді құрал.