⠀
ОРАТОР деген кім?
⠀
📣Оратор — үлкен аудиторияны өзіне қаратып, ойын жүйелі жеткізе алатын тұлға. Әрі оратор тыңдаушыны өзіне баурап алу үшін әдемі сөйлеумен ғана шектелмей, әртістік қабілетті де дамытқаны абзал.
⠀
📍1.Тілді түрлі паразит сөздерден тазарту. Ол үшін алдымен, паразит сөздерді тізіп шығыңыз.
⠀
Мәселен, уже, блин, ужас, давай, т.б. Содан кейін бұл сөздерді мәдениетті сөзбен алмастырыңыз: уже келдің бе? — келіп қалыпсың ғой; блин не істесем болады? – қап, не істесем екен?
⠀
📍2. Сөздік қорды дамыту. Күнделікті жаныңызға жақын өлең жолдарын жатқа оқыңыз!
⠀
Мәселен, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев, сонымен қатар қазіргі поэзияға қалам тербеп жүрген Ақберен Елгезек, Бек Жылқыбаев сынды тұлғалардың туындыларына көз жүгіртіп шығуға кеңес береміз!
⠀
📍3. Қызығушылықтары әртүрлі адамдармен араласыңыз! Әр сала мамандарымен қарым-қатынас құру — сіздің тұлғалық жетілуіңізге оң әсерін тигізеді.
⠀
Егер араласатын достарыңыз бен таныстарыңыз аз болса, желіде ұйымдастырылып жатқан түрлі тимбилдингтер мен қайырымдылық шараларына қатысу кез келген адам үшін қолжетімді.
⠀
Себебі, мұндай іс- шараларға бару сізден көк тиын да сұрамайды.
⠀
📍4. Кез келген ортада сөз бастамас бұрын айтатын ойыңызды жинақтап алыңыз! Бұл түрлі ыңғайсыздық тудыратын жағдайлардың алдын алады.
⠀
Мәселен, айтатын сөзіңізді ақ параққа жазыңыз! Соңынан ойыңызды анық жеткізетіндей сөздерге басымдылық беріңіз. Яғни, екпін (акцент) түсіру.
⠀
📍5. Жаңылтпаш жаттауды әдетке айналдырыңыз! Бұған қоса, шетелден енген түрлі терминдік атаулар айтып, тіліңізді ширатыңыз! Және олардың мағынасын білуді де назардан тыс қалдырмаңыз!
⠀
Жоғарыда келтірілген кеңестерді күнделікті қолданысыңызға енгізсеңіз, сізден мықты оратор шығатыны сөзсіз.
⠀