Оратор болудың 5 жолы✅

Автор: редактор 26 января, 2023


ОРАТОР деген кім?

📣Оратор — үлкен аудиторияны өзіне қаратып, ойын жүйелі жеткізе алатын тұлға. Әрі оратор тыңдаушыны өзіне баурап алу үшін әдемі сөйлеумен ғана шектелмей, әртістік  қабілетті де дамытқаны абзал.

📍1.Тілді түрлі паразит сөздерден тазарту. Ол үшін  алдымен, паразит сөздерді тізіп шығыңыз.

Мәселен, уже, блин, ужас, давай, т.б. Содан кейін бұл  сөздерді мәдениетті сөзбен алмастырыңыз: уже келдің бе? — келіп қалыпсың ғой; блин не істесем болады? – қап, не істесем екен?

📍2. Сөздік қорды дамыту. Күнделікті жаныңызға жақын өлең жолдарын жатқа оқыңыз!

Мәселен, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев, сонымен қатар қазіргі поэзияға қалам тербеп жүрген Ақберен Елгезек, Бек Жылқыбаев сынды тұлғалардың туындыларына көз жүгіртіп шығуға кеңес береміз!

📍3. Қызығушылықтары әртүрлі  адамдармен араласыңыз! Әр сала мамандарымен қарым-қатынас құру — сіздің тұлғалық жетілуіңізге оң әсерін тигізеді.

Егер араласатын достарыңыз бен таныстарыңыз аз болса, желіде ұйымдастырылып жатқан түрлі тимбилдингтер мен қайырымдылық шараларына қатысу кез келген адам үшін қолжетімді.

Себебі, мұндай іс- шараларға бару сізден көк тиын да сұрамайды.

📍4. Кез келген ортада сөз бастамас бұрын айтатын ойыңызды жинақтап алыңыз! Бұл түрлі ыңғайсыздық тудыратын жағдайлардың алдын алады.

Мәселен, айтатын сөзіңізді ақ параққа жазыңыз! Соңынан ойыңызды анық жеткізетіндей сөздерге басымдылық беріңіз. Яғни,  екпін (акцент) түсіру.

📍5. Жаңылтпаш жаттауды әдетке айналдырыңыз! Бұған қоса, шетелден енген түрлі терминдік атаулар айтып, тіліңізді ширатыңыз! Және олардың мағынасын білуді де назардан тыс қалдырмаңыз!

Жоғарыда келтірілген  кеңестерді  күнделікті қолданысыңызға енгізсеңіз, сізден мықты оратор шығатыны сөзсіз.