Әрбір адамға қажет 4 дағды туралы білесіз бе?

Автор: редактор 29 Желтоқсан, 2022


☝🏻 Жетістікке жету үшін сіздің тек кәсіби біліктілігіңіз аздық етеді. Осы тұста көкейіңізде «неге?» деген сұрақтың туындайтыны рас. Себебі қазір біз өмір сүріп жатқан заман, XXI ғасыр күтпеген өзгерістерге толы.

Алдағы 5-10 жылда жасанды интеллект толыққанды дамыса, кей салада қызмет ететін мамандардың орнын роботтар басатыны айқын.📌 

Қорқынышты, ә?! Ал мұндай жағдайда адамдар роботтармен қалай бәсекеге түсе алады? Әрине, адамның бойында SOFT SKILLS дағдысы жоғары дамыған жайғдайда.

Ендеше ешқандай саланы, ешбір адамды таңдамайтын кез келген маманға қажет 4 дағды не?

Қымбатты оқырман, сұранысқа ие маман болу үшін «4 C» жүйесін білгеніміз жөн.

📍 Сіздерге түсінікті болу үшін «4 C» тізбектеп шығайын.

1️⃣ Critical thinking – сыни тұрғыдан ойлау. Бұл дағды бойынша сіз кез келген мәселеге сыни көзқараспен қарап, ақпаратты сұрыптап, жан-жақты талқылайтын боласыз.

Осылайша өз бетіңізше қорытынды шығарып үйренесіз. Қандай да бір істі бастамас бұрын логикаңызды іске қосып, түрлі мәселелердің шешімін табуға бейімделесіз.

2️⃣ Creativity – шығармашылық қабілет. Шығарамашылық қыры жақсы дамыған адам стандартты емес шешімдерді қабылдап,  кез келген өзгеріске дайын болады. Қиындықтарға қарсы тұра алады және туәкел етуден қорықпайды.

3️⃣ Coordinating with ohers – өзге адамдармен қарым-қатынас орнату. Координация коммуникациямен тығыз байланысты, бірақ кәсіби салаға жатады. Бұған жалпы мақсатты және оған жету жолдарын анықтау, нәтижені бағалау мүмкіндігі жатады.

4️⃣ Communication – коммуникация. Қазір кез келген уақытта барлығына қоңырау шалу және хабарлама жазу мүмкіндігі бар. Сондықтан екі жағдайда да адамдармен дұрыс келіссөз жүргізіп, жоғары деңгейде байланыс орнату маңызды.

🔴 XXI ғасырда ең қажетті аталмыш дағдыларды қалыптастыру сіздің де қолыңыздан келеді. Тек қажетті білім алып, өзіңізді әрдайым шыңдап отыруыңыз қажет.