Тіліңізді ширатуға арналған ТОП-5 жаңалық

Автор: редактор 30 ноября, 2022


Қалай жаңылтпашты қалай тез жаттап алуға болады? 

📍Жаңылтпашты оқу, оны жатқа айту дауыс қойып, дикция қалыптастыруда өте маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар тіліңізді ширатып, анық сөйлеуіңізге ықпал етеді.

📍Сондықтан таңертеңгі және кешкі уақытта күнделікті қайталап, айтып отырғаныңыз жөн.

📍Ендеше, назарларыңызға ТОП 5 жаңылтпаш тізімін ұсынамыз.

1.Күз, Кез, Көз,

Күш, Кеш, Көш,

Кір, Кер, Көр,

Күл, Кел, Көл,

Кілең қысқа сөз,

Кім оқиды тез?

2.Гүлім гүлге қарап күлімдеді,

Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.

3.Хан баласы ханзада

Болды ғашық ханшаға.

Алып ханнан хабар,

Ханшайымды табар.

4.Съезд, разъезд, подъезд.

Подъезд, съезд, разъезд.

Жаттап ал тез.

5. Зура зурнада ойнайды,

Зурнада бір ғана Зура ойнайды деме,

Зара да, Зере де зурнада ойнайды.

✅Жаңылтпашты қалай тез жаттап алуға болады? 

1⃣ Жаңылтпашты тез жаттап алу үшін алдымен бір рет көз жүгіртіп, дауыстап оқу қажет.

2⃣ Визуализация жасаңыз. Оқу барысында, мағынасын түсінуге тырысыңыз.

3⃣ Қағазға 2-3 рет жазыңыз. Себебі дәптерге түскен жаңылтпаш жадыда тез сақталып қалады.

4⃣ Егер жаттау қиындық тудырса, онда екі жолдан бөліп жаттаңыз.

5⃣ Қағазға түскен жаңылтпаштың бірінші, екінші жолын көзіңізді жұмған қалпы қайталап көріңіз. Сосын, үшіншісі, төртіншісі…

6⃣ Сооңғы қадам ұйқыға жатарда және ұйқыдан тұрғанда міндетті түрде қайталап, айтып жатыңыз.