Уилл Смиттен өміріңді өзгертетін ТОП-6 мотивация

Автор: редактор 30 января, 2023


✔️ Дарынды, табысты әрі бай Голливуд жұлдызы – Уилл Смитті көпшілік әйгілі американдық актер және хип-хоп әртісі ретінде біледі. Бірақ бұл жігіттің таланты кино-музыкамен ғана шектелмейді.

✔️ Себебі ол мотивациялық жаттықтырушы да бола алады. Түрлі ток-шоуға шақырған қонақтар оның  пікірін, дүниетанымын, көп нәрсеге көзқарасын тыңдауға қызығады. Желіде Уилл Смиттің дәйексөздерін табу қиын емес. Актердің көптеген мәлімдемесі өмірлік даналықты қамтиды және оны адамдармен бөлісіп отырады. 

🟢 Әйгілі актер «Бақытқа ұмтылу» фильміндегі кейіпкер — Крис Гарднерге шын өмірде де көп жағынан ұқсайды. Егер аталмыш фильмді көрмегендер болса, міндетті түрде тамашалауға кеңес береміз. Өйткені ол нақты оқиғаларға негізделген. Уилл — өте жігерлі әрі еңбекқор адам. Ол алдына өршіл мақсаттар қойып, оларға батыл жасап, жетуге дайын. Ол өзі қалаған нәрсеге қалайда қол жеткізетін жан.

🟩 Нақыл сөздері : 

1️⃣ Өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ. Мен осы қарапайым хабарды бүкіл адамзатқа өз жұмысым, өз өмірім арқылы жеткізуге тырысамын. Байқап көріңіз, сонда бәрі жақсы болады! 

2️⃣ Шындық үшін өлуден қорықпаңыз. Шындық – мәңгілік болатын жалғыз нәрсе. 

3️⃣ Өмірде сізді ашуландырып, менсінбейтін және қорлайтын адамдар болады. Бірақ оларға мән бермеуге тырысыңыз. Олардың әрекеттерін құдайға тапсырыңыз. Әйтпесе өз жүрегіңізді де өшпенділікке толтырып аласыз. 

4️⃣ Мен күнде таңертең оянған кезде, бүгінгі күннің кешегіге қарағанда жақсы болатынына сенемін. 

5️⃣ Сүйудің 10 тәсілі: тыңдау, сөйлеу, беру, дұға ету, жауап беру, бөлісу, ләззат алу, сену, кешіру және уәде беру.

6️⃣ Өмір — өзімізбен және тағдырымызбен не істеу керек екенін көрсететін айна. Таңертең тұрып, бақытсыз екенімізді түсінсек, демең бұл үшін бірдеңе істеу керек.