1️⃣ Физикалық жаттығулар
🟢 Физикалық белсенділіктің физикалық денсаулыққа ғана емес, сонымен қатар психологиялық жағдайға да пайдалы екендігі дәлелденді.
Тұрақты дене жаттығулары көңіл күйді жақсартуға және күйзеліс пен үрей сезімін төмендетуге көмектесетіні дәлелденген.✔️
Жаттығу кезінде алаңдаушылық сезімі мен стресстің қалыптасуына, сондай-ақ, мидың серотонин мен норепинефринге деген сезімі артады. Ал бұл өз кезегінде күйзеліс сезімін жеңілдетеді.
Жаттығу кезінде оң эмоцияларды ынталандыратын және ауырсынуды қабылдау сезімін төмендететін эндорфин өндірісі ынталандырылады.
Сонымен қатар, жаттығу адамдарға қорқыныштарын сезініп және олармен күресуге көмектеседі.
2️⃣ Көңілді әуен тыңдаңыз
🎶 Бір сәтке демалып, көңілді сергітетін ән мен күй тыңдаңыз.
Сізге қуат беретін сүйікті әуендер тізімін жасаңыз.Әуеннен ләззат алып, қуана біліңіз. Қайғылы музыка сіздің онсыз да құбылмалы көңіл күйіңізді түсіреді. 🎵
3️⃣ Мақсаттар қойыңыз
📌 Көңілсіз күн мен енжарлық, жалқаулық, сіздің энергияңыз бен жұмысыңызға кесірін тигізеді. Мақсат қойыңыз.
Себебі мақсат қою өмірлік қуат деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл сондай-ақ ең мотивациялық фактор. Бұл әдіс мазасыздық деңгейін толығымен жояды және сенімсіздікті азайтады.
Жоспарлау — ең пайдалы мақсаттарды дәйекті түрде анықтап, оларға жетудің негізгі құралы.
Сондықтан ескеріңіз өміріңнің мәні, ол – мақсат. Адам жаны рухынан қанағат табатын мақсаттың алдында әлсіз. Жаныңның рахат сезімге бөленуі – мақсаттың орындалуынан.
4️⃣ Жақын жандарыңызға хабарласыңыз
📞 Достарыңызбен сөйлесетін ортақ топ болса, сол жерге: қолдау сөздер, мен көңілді стикерлер жіберсеңіз адамның жүрегіне жылулық сыйлайсыз. Жақындарыңызға жиі қоңырау шалыңыз. Әр адаммен сөйлескен сайын жүрегіңіз тыныштық табады.
5️⃣ Өзіңізді мақтаңыз
✍🏻 Өзіңізге алғыс айта алатын он әрекеттің тізімін жасаңыз.
* Сіз таңғы асты дәмді әзірлей алдыңыз ба?
* Жақсы.
* Сіз пайдалы кітап оқыдыңыз ба?
* Керемет.
* Ерте оянып, таңғы жаттығу жасадыңыз ба?
* Жарайсыз!
Мақтаудың нақты он себебін табу керек.