Тайм-менеджмент: уақытты қалай тиімді басқаруға болады?

Автор: редактор 21 февраля, 2022


🕗 Тайм-менеджмент – ағылшын тілінен аударғанда «уақытты тиімді басқару» деген мағынаны білдіреді. Бұл дағдыны өміріңізге енгізе отырып, әр күніңізді өнімді әрі сапалы етіп өткізе аласыз. Сонымен қатар аталмыш әдісті пайдалану арқылы көп нәрсеге үлгеруге болады.

Мәселен, жұмысқа барып-келумен ғана шектелмейсіз. Демалуға, спортпен шұғылдануға, отбасыңызға көңіл бөлуге, рухани дамуға уақыт табатын боласыз.

Тайм-менеджмнеттің түрлі техникасы мен әдісі бар. Ендеше соларға назар аударайық.

📌Жоспар құрыңыз. Мақсатыңыз бен тапсырмаларыңызды нақтылап алыңыз.

📌Жоспарлау – уақытты басқаруда қолданылатын ең маңызды әдіс. Сондықтан ең бірінші қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттарыңызды тізіп жазып шығыңыз. Содан соң бір күнге, бір аптаға, бір айға, бір жылға арналған жоспар құрасыз.

📌Әр жоспардың басталу және аяқталу мерзімін нақтылап алыңыз. Бұл сіздің жауапкершілігіңізді арттырады. Ол үшін арнайы күнделік бастаңыз немесе стикерлерді жапсырып қоюға арналған тақтаны пайдаланыңыз.

Күнделікті жоспар құруда төменде көрсетілген электронды қосымшаларды қолдануға кеңес береміз:

1) Google күтізбесі;
2) Trello;
3) Mind map бағдарламасы.

Тайм-менеджментке қатысты біз ұсынатын кітап: Николай Мрочковский мен Алексей Толкачевтің «Экстремалды тайм-менеджмент», яғни «Экстремальный тайм-менеджмент» кітабы.

Авторлары – белгілі кәсіпкерлер. Аталмыш туынды қызықты роман түрінде жазылған. Мұнда кітап кейіпкерімен бірге практикалық тапсырмаларды орындап, көп нәрсеге үлгере аласыз.

Сонымен қатар уақытты тиімді басқаруда Эйзенхауэр матрицасын қолдануды ұсынамыз.

📌Бұл осы әдісті ойлап тапқан АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэрдің есімімен байланысты. Ел басқарушысының мойнына көп тапсырма жүктелгендіктен, осы әдісті ойлап табады. Ол тапсырмаларды төменде көрсетілгендей бірнеше санатқа бөледі.

1️⃣Жедел және маңызды тапсырмалар.

2️⃣Маңызды, бірақ жедел емес тапсырмалар.

3️⃣Жедел, дегенмен маңызды емес тапсырмалар.

4️⃣Маңызы жоқ әрі жедел емес тапсырмалар.

📌Парақты төртке бөліңіз. Енді жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша тапсырмаларды іріктеп, жазып шығыңыз.

📌Алдымен бірінші санатқа жататын шұғыл әрі маңызды тапсырмаларды орындайсыз. Себебі бұл сіздің болашағыңыз үшін өте маңызды істер. Сондықтан кейінге қалдыруға болмайды.

📌Ал маңызды, бірақ жедел емес тапсырмаларды өзіңіздің ыңғайыңызға қарай орындайсыз.

📌Шұғыл, дегенмен маңызды емес тапсырмаларға көп энергия жұмсамаңыз. Мүмкіндік болса, басқа адамға беруге тырысыңыз.

📌Шұғыл емес және маңызды емес тапсырмаларға мүлдем басыңызды ауыртпаңыз. Оларды тізімнен сызып тастауыңызға да болады.

Міне, құрметті оқырман бүгін айтылған кеңестер сізге пайдалы болатынына сенімдіміз. Олай болса, күнделікті әдетіңізге енгізіп, сапалы өмір сүруіңізге тілектеспіз!