Тырнағыңызға қарап қай жеріңіздің ауыратынын білуге болады.
🟢 Жас ұлғайған сайын тырнақтақта көптеген өзгерістер байқалады. Тырнақтың сынуы витамин жетіспегеннен болып жатса, кей жағдайда сапасыз лактардың әсерінен болады. Мұндай жағдайда тырнақтарыңыз қысылып немесе соғылған жағдайдағыдай күйге енеді.
Сау адамның тырнақтары 4-6 айда, аяғындағы тырнақтары 6-8 ай ішінде толық қалпына келеді.
Тырнақтың өзгерісі денсаулығыңызда бір кінәрат бар екенін көрсетеді. Бұл кінәратты қалай білуге болады?
📌 Шамадан тыс сынғыштық
Егер тырнақ сынғыш болса, адам ағзасында А, Е және С витаминдерінде, сондай-ақ темір мен мырыштың жетіспейтіндігін көрсетеді. Кейде мұндай жағдай қалқанша безінің ауруы мен қант диабетінің әсерінен болуы мүмкін.
📌Ақ дақтар
Халық тырнақта ақ дақтардың болуын жақсы ырымға баласа, медицинада бұл патология лейконихия деп аталады. Мыжылған тырнақтың қабаттары арасында микроскопиялық ауа көпіршіктері пайда болады, яғни олар тырнақ бетінде ақ нүктелер мен жолақтар сияқты көрінеді.
Лейконихияның пайда болуның себептері әртүрлі: жарақаттанудан және дұрыс тамақтанбаудан жүйке-жүйесінің және жүрек ауруы себеп болады.
📌 Нүктелік шұңқырлар
Тырнақтың пішіні мен түсі әдеттегідей көрінеді. Бірақ мұқият қарап шықсаңыз, тырнақтың тегіс емес екенін және шұңқырларды аңғарасыз (инемен тесілгендей) көрінеді. Дәрігерлердің мұндай ауруды — псориаза белгісі деп атайды.
Тырнағыңызда мұндай өзгеріс байқалған жағдайда бірден дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Бірінші кезекте сіз терапевтке немесе дерматологқа жазылып, анализ тапсыруыңыз қажет. Бұл псориаздың бір белгісі болуы мүмкін не азқазан ішек жолдарының қабынуынан не қалқанша безінің дұрыс болмауынан болады.
📌 Үлкен немесе кіші тесіктер
Мұндай тесіктер спортшылар мен денеге ауыр күш жұмсайтын адамдарда кездеседі. Кейде олар жүрек және қан тамырларының жұмысында, төмен қан қысымы кезінде ақаулықты көрсетеді.
Сонымен қатар, B12 витамині және темірдің жетіспеушілігінің белгісі, сондай-ақ қан айналымы проблемалары болуы мүмкін.
📌 Қасық тәрізді тырнақтар
Бұл — койлонихия, яғни тырнақтың ортасы бүгіліп, шеттері жоғарғы жаққа қарай деформацияланады. Түс пен тегістік сақталады, бірақ ол ұсқынсыз көрінеді.
Койлонихияны анықтаудың ең оңай жолы — бұл тырнаққа су құю. Су бірден ағып кетсе, жақсы. Ал егер тамшы тырнақ ойығына тұрып қалса, бұл туралы ойлану керек.
Көбінесе мұндай жағдай организмде темірдің болмауынан және эндокриндік бұзылыстардың салдарынан болады. Cондай-ақ жарақаттар, химиялық заттармен байланыстан өзгереді.
Бұған қоса, геннен берілуі мүмкін, яғни тұқым қуалайды.