Есіңде болса, алдыңғы жазбада біз уақытты тиімді басқарудың жолдарымен бөліскен едік. Енді, бүгін осы тақырыпты ары қарай жалғастырайық деп шештік. Себебі тайм-менеджмент біраз қыз-жігіттің қызығушылығын оятыпты.
⠀
Уақытты тиімді басқарудың кез келген әдісі маңызды 3 бөлімнен тұрады. Атап айтатын болсақ, бірінші — маңызды жұмысты анықтау, екінші — жоспарлау, үшінші — бақылау.
⠀
Маңызды жұмысты қалай анықтаймыз? ✔️
⠀
📍Тапсырманы орындауға кіріспес бұрын алдымен оның қаншалықты шұғыл, күрделі және маңызды екенін анықтап аламыз. Осыдан соң тапсырма бойынша әрекетке көшу жеңілдей түседі.
⠀
📍Жоспарлау. Аталмыш бөлімде міндеттерді орындауға кірісеміз. Нақтырақ айтсақ, тапсырмалардың уақытын белгілеп, арнайы дедлайнмен жұмыс істейміз.
⠀
📍Қадағалау. Бұл жерде тапсырманың орындалу процессі мен нәтижесін бақылаймыз. Осылайша жұмыс өнімділігімізді арттырамыз.
⠀
🔺Ал енді уақытты басқаруға арналған ТОП-6 қосымшаға тоқталайық.
⠀
Бұл қосымшалар тапсырмаларды уақытымен орындауға көмектеседі.
⠀
🔻Focus To-Do
⠀
Қосымшада Pomodoro таймері мен таск-менеджер бір мезетте жұмыс істейді. Яғни, мұнда уақыт 30 минутқа жоспарланған. Помодоро әдісі бойынша 25 минут тоқтаусыз жұмыс істеп, 5 минут демаласыз. Дәл осылай 4 айналым жасап отырасыз.
⠀
🔻Trello
⠀
Бұл жеке қажеттіліктер мен топтық жұмыстарға арналған канбан-тақта. Оның бір бағанына істелу керек тапсырмалар жазылады. Екінші бағанына орындап жатқан тапсырмаларыңызды белгілейсіз. Ал үшінші бағанға аяқтаған жұмыс нәтижесін көрсетесіз.
⠀
🔻Forest
⠀
Forest — телефонға арналған таймер. Тапсырманы орындауға кіріспей тұрып, таймерді қосасыз. Белгіленген уақыт аралағында телефонға қол тигізбеуіңіз қажет. Себебі экран бетінде ағаш өседі. Егер сіз оны уақыты аяқталмай жатып құлыптан босатсаңыз, ағаш өледі. Осылайша оны қайта өсіруіңізге тура келеді.
⠀
🔻Notion
⠀
Бұл кез келген жаңа ақпаратты сақтауға және оны жүйелеуге арналған мәліметтер базасы.
⠀
🔻Todoist
⠀
Жоспарлаудың әртүрлі әдісіне арналған қосымша.
⠀
🔻SingularityApp
⠀
Электронды поштадан тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін таск-менеджері.