Уақытты тиімді жоспарлауға арналған Trello қосымшасы: Тегін платформаның ТОП-5 артықшылығы
✍🏻 Қазіргі заман — технология дәуірі. Уақытты тиімді басқару, күнделікті істерді жүйелеу және ұзақ мерзімді мақсаттарға жету үшін цифрлық құралдарды қолдану табысты адамның басты дағдыларына айналды. Солардың бірі — Trello қосымшасы. Ол жобаларды басқаруға арналған интуитивті, ыңғайлы әрі тегін платформа ретінде кеңінен қолданылады.
📍Trello дегеніміз не?
Trello — бұл Kanban тақтасы негізінде жұмыс істейтін жобаларды және тапсырмаларды басқару құралы. Оны жеке тұлғалар да, шағын командалар да, ірі компаниялар да кеңінен қолданады. Пайдаланушы “тақта” (board), “тізім” (list) және “карточка” (card) форматында өз жұмыс жоспарын ұйымдастыра алады.
📍Жоспар жазудағы артықшылықтары
1️⃣ Көрнекілік және құрылымды болуы
Trello-да кез келген жоспар визуалды түрде көрсетіледі. Әр тапсырманы нақты категорияларға бөліп, қадам-қадаммен орындауға мүмкіндік береді. Бұл құрылым жұмысқа деген мотивацияны арттырады.
Мысалы:
• Тақта атауы: “Диплом жұмысын жазу жоспары”
• Тізімдер: “Зерттеу жоспары”, “Жинақталған материалдар”, “Жазу”, “Редакциялау”, “Тапсыру”
2️⃣ Уақытты тиімді басқару
Карточкаларға мерзім (дедлайн) орнатуға болады. Бұл тапсырманы уақытында орындауға итермелейді. Сонымен қатар “Calendar” функциясы арқылы барлық істі күнтізбе бойынша реттеп көруге болады.
3️⃣ Маңызды істерді анықтау
Trello карточкаларына түрлі түсті белгілер (labels) қою арқылы тапсырманың маңыздылығын айқындауға болады:
• Қызыл — шұғыл
• Сары — орташа
• Жасыл — аяқталған
4️⃣ Ынтымақтастық
Егер сіз бір жобаны басқа адамдармен бірге орындайтын болсаңыз, Trello-да командалық жұмыс өте оңай жүзеге асады. Әр адамға нақты тапсырма бекітіліп, оның орындалу барысы бақыланып отырады.
5️⃣ Икемділік
Trello-ны оқу, жеке даму, жұмыс және тұрмыстық жоспарлау сияқты кез келген салада қолдануға болады.
⁉️ Trello-ны қалай қолдануға болады?
(қысқаша нұсқаулық)
▪️ Тіркелу: Trello.com сайтына тіркеліңіз немесе мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.
▪️ Жаңа тақта құру: Мысалы, “Күнделікті жоспар”, “Жобаларым”, “Оқу жоспары” дегендей.
▪️ Тізімдер қосу: Мысалы, “Істелетін жұмыстар”, “Орындалу үстінде”, “Аяқталған”
▪️ Карточкалар жасау: Әрбір іс-шараға жеке карточка құрыңыз.
▪️ Мерзім, белгі, файл қосу: Әр карточкаға дедлайн қойып, керек болса құжат тіркеңіз.
🟢 Trello-ны қайда және қалай қолдануға болады?
🔺Trello — әмбебап құрал. Оны өмірдің түрлі саласында тиімді пайдалануға болады. Мәселен, білім саласында Trello оқу процесін ұйымдастыруда үлкен көмекші бола алады. Студенттер курстық немесе дипломдық жұмысын кезең-кезеңімен жоспарлап, қажет әдебиеттер тізімін, зерттеу бағыттарын және мерзімдерін бір жерде жинақтап жүргізе алады. Сондай-ақ күнделікті оқу жоспарын жасап, қай пәнге қанша уақыт бөлінетінін белгілеп отыруға болады.
🔺 Жеке даму бағытында да Trello таптырмас көмекші. Мысалы, бір айда қанша кітап оқитыныңызды, спортпен қанша күн айналысатыныңызды немесе жаңа дағдыларды үйрену жоспарын нақтылап, прогресті бақылап отыруға болады. Бұл мотивацияны арттырып, жоспарлы өмір салтын қалыптастырады.
🔺Жұмыста Trello-ны жобаларды басқаруға, тапсырмаларды бөлісуге және командалық жұмысты үйлестіруге пайдалануға болады. Әріптестерге тапсырма беру, дедлайн орнату, жұмыс барысын бақылау сияқты функциялар кез келген жобаны тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, контент-жоспарлау, іс-шара ұйымдастыру, есеп тапсыру тәрізді міндеттер де бір жүйеге түседі.
🔺Ал күнделікті өмірде Trello үй шаруасын жоспарлауға, азық-түлік сатып алатын тізімді жазуға, отбасы істерін үйлестіруге немесе алдағы сапардың бүге-шүгесіне дейін жоспар жасауға көмектеседі. Яғни, Trello арқылы өзіңіздің уақытты тиімді жұмсайтын, тәртіпті әрі мақсатқа бағытталған адамға айналуыңызға болады.
✔️ Trello — бұл жоспар құралы ғана емес, ол уақытты үнемдеуге, тәртіпке келтіруге, шығармашылықты арттыруға сеп болатын сенімді көмекші.