Қытай данышпандарының өміріңізді өзгертуге көмектесетін дәйексөздері

Автор: редактор 02 Наурыз, 2023


🟢 Саяхатқа шыққан адам ешқашан бұрынғы қалпында оралмайды.

🟢 Саяхат – адамның ішкі әлемін өзгертеді.

🟢 Құмырадан ыдысқа оның ішінде бар нәрсені ғана құйып алуға болады.

🟢 Егін екпеген жерден – жеміс талап етпе.

🟢 Биікке жетелейтін жолдар көп. Бірақ сыртқы көрініс өзгеріссіз қала береді.

🟢 Мақсат біреу, алайда оған жетудің жолдары әртүрлі.

🟢 Мағынасыз сөйлегеннен гөрі, үнсіздік танытқан дұрыс.

🟢 Су ішкен адам – құдық қазғандарды еске алуы керек.

🟢 Адам жақсы көретін ісін махаббатпен істейді.

🟢 Өзіңізге ұнамайтын жұмыспен айналысып жүріп, жақсы нәтиже күтпеңіз.

🟢 Сапалы жұмыс әрдайым бағалануы керек.

🟢 Жаңа туған нәрестенің барлығы бірдей жылайды. Алайда олар өсе келе, әртүрлі әдеттер қалыптастырады. Бұл – тәрбиенің жемісі.