Жапондық әдіс: Қолыңыздан келетін істі қалай анықтауға болады?

Автор: редактор 03 Тамыз, 2022


📌 Қазіргі уақытта қолыңнан келетін істі анықтау қиын емес. Нақтырақ айтсақ, мықты және әлсіз тұсыңды арнайы икигай құралы арқылы білуіңе болады. Бұл танымал жапондық әдістердің бірі.

✔️ Икигай сөзі – “өмір сүрудің мәні” деген мағынаны береді. Бұл ұғым құндылығыңды, өз жолыңды, қандай маман иесі болатыныңды, мақсатыңды анықтауға көмектеседі. Икигай төрт ережеден тұрады. Олар:

1.Жаның қалайтын іс
2.Қолыңнан келетін іс
3.Ақша әкелетін іс
4.Қоғамға пайдалы іс

🗒 Аталмыш ережеге сәйкес ақ параққа жақсы көретін істеріңнің тізімін жазып шық. Содан соң бұл тізімнен қолыңнан келетін істі іріктеп ал. Іріктелген тізімнің арасынан ақша әкелетінін бөліп аламыз. Осылайша, соңғы ережеге сай қоғамға пайдалы істі жүзеге асырасың.