Жас фотографтарға арналған Айана Парри атындағы шәкіртақының талаптары қандай? 

Автор: редактор 30 Маусым, 2022


  1. #қазына кеңе

Жас фотографтар назарына📌

💭Айан Парри стипендиясы – бұл фотосурет мектебінде оқитын немесе 24 жасқа толмаған жас фотографтарға арналған халықаралық фотосурет байқауы.

🖇Биыл байқау 2 санатқа бөлінді:
1. Жетістіктері үшін сыйлық.
2. Әлеует үшін сыйлықақы.

💵Сыйлықтар:
▫️әр жеңімпаз өз жобасын жүзеге асыру үшін $3500 грантын алады;
▫️қатысушылардың бірі 1 жыл жеке тәлімгерлік алады. Осы жылдың тәлімгері — Симон Робертс;
▫️Canon жеңімпаздарға құрал-жабдықтар ұсынады;
▫️World Press Photo жеңімпазды Амстердамдағы Joop Swart Masterclass финалына автоматты түрде қабылдайды;
▫️финалистердің жұмыстары Лондондағы көрмеге қойылып, Sunday Times журналында көрсетіледі.

🗯Талаптары:
▪️Байқауға қатысу үшін өтінімді фотосурет мамандығында оқып жатқан немесе әлі 24 жасқа толмаған жас фотографтар бере алады.
▪️Өтінім барлық елдің азаматынан қабылданады.

Өтінімге мынадай материалдар қоса берілуі тиіс:
* аты — жөні, туған күні, тұрғылықты мекен-жайы, жеке emeil, жеке телефон нөмірі және егер бар болса – Мектеп/Колледж атауы, курс және мұғалімнің аты-жөні;
* жобаның толық сипаттамасы – өтінімнің өте маңызды бөлігі;
* жобаның қысқаша сипаттамасы;
* 12 фотосурет портфолиосы – фото эссе немесе жеке фотосуреттер сияқты болуы мүмкін;
* Word құжаты түріндегі әр фотосуреттің қысқаша сипаттамасы.

🕛Мерзімі: 15 шілде 2022