Жексенбілік демалысты қалай өткіземіз? ⠀

Автор: редактор 18 марта, 2022


1️⃣ Өзіңмен сырлас

Бұл күнді барынша тиімді өткіз. Не істеп жүргеніңе мән бер. Жеке отырып, күнделікті істеріңе зерттеу жаса. Әлеуметтік желілерден бас тартып, 10 минутыңды медитацияға арна. Күнделікті өмірдегі қарбалас тірлік ішкі сезімдеріңді тұмшалауы мүмкін. Себебі тығыз шаруалармен жүріп әдетте өзіңнің ішкі әлеміңді, эмоцияларыңды ұмытып кетесің. Сондықтан жексенбі күні мықты әрі әлсіз жақтарыңды анықтап, солармен жұмыс істе.

Осылайша, мықты тұсыңды ары қарай дамытуға тырыс. Ал әлсіз тұсыңды басқара алуды үйрен. Мысалы, жалқау екеніңді біліп қана қоймай, онымен күресуді де үйрену қажет.

2️⃣ Жақындарыңа көңіл бөл

Демалыс күні отбасыңа көңіл бөліп, жақындарыңның жанынан табылуға тырыс. Отбасылық мереке ұйымдастырып, оларды қуантуыңа болады. Алайда үй шаруасымен айналысудың қажеті жоқ. Өйткені әдеттегі күндері жұмыстан немесе сабақтан келген соң артық нәрсеге көңіл бөле алмайсың.

Мәселен, мектептен келіп, сабақ оқуға кірісесің яки телефонға телміріп отырып қаласың. Сол себепті жексенбінің бір бөлігін отбасыңа арнауды әдетке айналдыр.

3️⃣ Ерекше өткіз

Жексенбіні әдеттегі күндерге қарағанда өзгеше етіп өткіз. Сүйікті ісіңмен айналыс немесе кішігірім саяхатқа шық. Мысалы, теңіз жағасына барып, толқындарды тамашала. Тауға шығып, биік шыңнан айналаңа көз таста. Мұның өзі адамға керемет шабыт сыйлайды.

4️⃣ Жаңа нәрсе үйрен

Адамның миы жаңа нәрсені үйренгенде, жаңа нейрон байланыстары пайда болады. Ондай ми жасушалары ылғи жаңарып, адам жасарады. Қартаю процесі тоқтап, мидың қабілеті дами түседі. Мәселен, жаңа тіл үйреніп, логикалық сұрақтарды шеш. Тіпті, өлең жаттап, поэзияға ден қоюыңа болады.

5️⃣ Таза ауада серуенде

Бұл күні барынша қозғалыста болуға тырыс. Таза ауада жүру мен серуендеу мидың тынығуына пайдасын тигізеді. Ғалымдар таза ауада серуендеу адамның жүрегі мен қан айналымына, бұлшықетіне пайдалы екенін дәлелдеді. Сонымен қатар жая жүрудің миға да пайдасы әрі депрессияға қарсы күресуге оң ықпал етеді.