Адам өмірге бірден сенімді болып келмейді. Бірақ күнделікті әдеттерге байланысты оны қалыптастыруға болады. Себебі сенімділік — туа біткен қасиет емес. Бұл өздігінен дамытуға болатын икемді дағдыға жатады.
📌 Ал өзімізге сенімді болу үшін не істемек керек? Ол үшін біз ұсынған кеңестерге көз жүгірт.
🟢 Алдыңа үлкен мақсат қой
🔺 Бұл мектептегі мұғалім немесе жұмыстағы бастық, яки жақын адамдарыңның талаптарына негізделген мақсат болмауы керек. Өзіндік, яғни өмірдің кез келген саласына арналған, шынайы жүрек қалауыңнан шыққан мақсаттарды қоя біл.
Ол сен үшін маңызды әрі құнды болуы қажет.
Біреуін іске асырғаннан кейін жаңа мақсат қоюды әдетке айналдыр. Оған жету үшін, әрине, күш қажет. Сол себепті әр уақыт деңгейіңді көтеріп отыр. Дағдыларды дамыт, жаңа нәрсені үйрен, әдеттегі мінез-құлықыңды бақылап, жаман жағын өзгерт, жақсы әдеттерді қалыптастыр.
🟢 Қалаған бағытыңда әрекет ет
Мақсат қою — 50% жетістікті құрайды. Бірақ тілектерімізді жүзеге асыру үшін нақты әрекет қажет. Сенімділікті қалыптастыруды кішкентай қадамдардан баста. Бірден үлкен, ауыр тапсырмаларға асықпа. Алдымен мақсатыңа жету жолын егжей-тегжейлі бақылап, сен үшін ең қарапайымынан баста.
Бірінші кезеңді аяқтағаннан кейін, жеткен жетістіктерің үшін өзіңді мадақта. Осылайша, келесі кезеңнің мақсаттарына өтесің. Мұндай әрекет өзіңе деген сенімділікті арттырады.
🟢 Жетістіктеріңді мойындап үйрен
Бір кездері сен велосипед тебуге, білім алуға, кітап оқуға және жаңа адамдармен қарым-қатынас құруға күш салдың. Бүгінгі күнге дейін жинақтаған тәжірибең мен көрсеткен нәтижелерің мүлдем елеусіз болып көрінсе де, олардың арқасында сен белгілі бір дағдыларды дамытып, табысқа жеттің. Жетістіктерді қадағалау күш-қуатыңды түсінуге, жинаған тәжірибеңді бекітуге көмектеседі. Бұл өзіне сенімділіктің негізі болып табылады.
Ендеше, жетістіктерді бақылауға көмектесетін және табысқа жету жолын анықтаудың қызықты әдісін ұсынамыз.
* Дәптер немесе ақ парақты ал.
* Жетістіктеріңнің тізімін жаса. Кем дегенде саны 30 болсын.
* Әрбір жетістіктің жанына қандай әрекеттер мен дағдылар нәтижеге жетуге көмектескенін егжей-тегжейлі жаз.
* Жазылған дағдылар мен әрекеттер тізімі арқылы ең мықты тұсыңды анықтау қиын болмайды.
Бұл әрекетті жыл сайын қайталап, жазып отыр.
🟢 Мықты тұсыңды пайдаңа асыр
Кәсіби дамуда мықты тұстарыңа назар аудар. Ол үшін мына қасиеттерді бақылауға ал.
* өз ерекшеліктеріңді мұқият зертте;
* өз мүмкіндіктеріңді бақылауға ал;
* не істей алатыныңды және не істей алмайтыныңды жаз. Сонымен қатар қандай нәрсені оңай әрі тез орындай алатыныңды назарға ал;
* өзіңнің ерекше қасиеттеріңді және артықшылығыңды біл;
* қандай нақты әрекеттер тұлғалық өсуіңе көмектесетінін түсін.
🟢 Әрдайым ізденісте бол
Бүгінгі таңда кез келген табысты адам тез үйрену қабілетімен ерекшеленеді. Бұл олардың басты ұстанымына айналған. Сондықтан оқуды жаңа әдетке айналдыр. Өз салаңа байланысты біліміңді кеңейтіп, білгендеріңді өміріңе және жұмысыңа енгіз.
Жаңа білімді үйрену және оны практикада қолдану дүниетанымыңды кеңейтіп қана қоймай, өміріңізді жаңа бояу енгізеді. Себебі ми мұны жаңа жетістік ретінде қабылдайды. Бұл өз кезегінде сенімділіктің артуына әсер етеді.