Өзіңізді тануға көмектесетін 5 психологиялық тест

Автор: редактор 20 июня, 2022


🟢 Күйзеліс деңгейін анықтауға арналған “Занга шкаласы”

Бұл — күйзелістің деңгейі менн өзіңізді бағалауға арналған тест. Авторлары — психиатр Вильям Занг пен танымал ресейлік психолог Уильям Цунг.

📌 Тесттен өту үшін сілтемені басыңыз➡️ https://jekyll-hyde.ru/test/online-test-shkala-depressii-zung/

🟢 Люшера тесті

Аталмыш тест әртүрлі түс арқылы құрастырылған. Яғни, мұнда өзіңізге ұнаған түстерді таңдау арқылы психологиялық көңіл күйіңізді анықтай аласыз. Сұрақтары өте жеңіл. Қорытынды бойынша психологиялық жағдайыңызға байланысты кеңес беріледі.

📌 Тесттен өту үшін сілтемені басыңыз➡️ https://psytests.org/luscher/fullcolor-run.html

🟢 Темпераментіңізді анықтауға арналған “Айзенк” тесті

Айзенк тесті бойынша 70 сұрақ қойылады. Психологиялық тестің қорытындысы қандай темперамент иесі екеніңізді анықтайды. Мұнда әр сөзді түсінуге тырысып, ұзақ ойланбаңыз. Жылдам әрі ширақ түрде жауап беруге тырысыңыз. Есіңізде болсын,» жақсы «немесе» жаман » деген жауаптар болмайды.

📌 Тесттен өту үшін сілтемені басыңыз➡️ https://psytests.org/eysenck/mpi-run.html

🟢 Эмоцианалды интеллектіні анықтайтын тест

Бұл тест- әңгімелесіп отырған адамның көңіл күйін сырттай бақылап, оған баға беруге көмектеседі. Мүнда өміріңіздің түрлі саласын қамтитын сұрақтар ұсынылады. Ал сіз мәлімдемеге келісемін яки келіспеймін деп жауап нұсқасын таңдайсыз.

📌 Тесттен өту үшін сілтемені басыңыз➡️ https://psytests.org/emotional/hall-run.html

🟢 Леонгард-Шмишек сауалнамасы (кеңейтілген)

Леонгардтың бұл сауалнамасы барлық адамға тән психикалық қасиеттердің кейбір көрсеткіштері ерекше дамып, шектен шыққанын айтады.

Мұнда сізге 98 сұрақ қойылады. Олардың әрқайсына «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруіңіз қажет. Ойлануға көп уақыт жұмсамаңыз. Мұнда «жаман» немесе «жақсы» жауаптар болмайды.

📌 Тесттен өту үшін сілтемені басыңыз➡️ https://psytests.org/leonhard/sm98-run.html

Ал сен тапсырып көрдің бе? Нәтижесімен бөлісе отыр👇🏻