Көшпелі қазақтың тұрмыс-тіршілікке байланысты ойлап тапқан тағамдары 

Автор: редактор 04 августа, 2022


Көшпелі қазақтың тұрмыс-тіршілікке байланысты ойлап тапқан тағамдары

⛰ Әр елдің тағамдары халықтың тұрмыс-тіршілігіне, географиялық орналасуына сәйкес пайда болған. Мысалы, көшпелі қазақ та өздерінің жай-күйіне байланысты бірнеше тағамды ойлап тапқан. Солардың бірі — құрт пен ірімшік.

🔍 Құрт пен ірімшік — саяхатшыларға, аңшыларға, балықшыларға, геологтар мен әскер адамдарына таптырмас өнім.

📍Жалпы қазақ халқының ұлттық тағамдары мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Сүт тағамдары.
2. Ет тағамдары.
3. Сорпа тағамдары.
4. Ұн тағамдары.
5. Дән тағамдары.
6. Балық тағамдары.
7. Жеміс тағамдары.

📍Қазақ халқы сүт тағамдарын төрт түлік малдың сүтінен жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз ағарған, ақ деп атаған.

📍Сонымен қатар олардың өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Оларға жаубүйрек, жөргем, жұмыр, қуырдақ, мипалау, нарын, түймешті жатқызамыз.

📍Ал дән тағамдарына бидайдан, тарыдан, жүгеріден, күріштен жасалатын тағамдар жатады. Бидайдан – бидай көже, талқан; тарыдан – тары көже, талқан, майсөк, жент ; жүгеріден – жүгері көже, бадырақ; күріштен – күріш көже, палау, сүркүріш сияқты тағамдар жасалады.

Ұн тағамдарына — нан, бауырсақ, бөкпен, салма, атала, быламық, жайма (шелпек, қаттама және т.б.) жасалды.

📍Балық тағамдарына қарыма, қуырылған балық, балық сорпа және т.б. жатады.

📍Жеміс тағамдарына әр түрлі кептірілген жемістер, қауынқақ, қауын–құрт, қауыншек , т.б. жатады.