Көшпенділерде алғашқы ақша қалай пайда болды?

Автор: редактор 24 Тамыз, 2022


◾️Тарихқа бойласақ, әр кезеңге байланысты ақшаға байланысты заңдылық та өзгеріп отырған. Өткен ғасырдан бастап ақша айналыс құралы әрі құн өлшемі ретінде пайдаланылып келді. 

◾️Тарихи зерттеулерге сүйенсек, қазақ жерінде алғашқы ақшалар біздің заманымызға дейінгі 2000 жылдары пайда болды. Бұл адамдар арасындағы арнайы қажеттіліктен туындаған. Дегенмен уақыт өте келе заттың құнын затпен өтеу ыңғайсыздық туғызды. Өйткені зат пен тағамның құны әртүрлі болды. Мәселен, қолөнерші қолындағы затқа бір нан алғысы келеді, алайда нан иесіне ыдыс-аяқ қажет емес еді. Сол себепті қолөнершілер, мал шаруашылығымен айналысатын адамдар арасында түсініспеушіліктер орын алды. Осылайша айырбас құралы ретінде ақша пайда болды. Ақша ретінде металлдар пайдаланылды. Олар мыстан, күмістен және алтыннан жасалды. 

◾️Ақша соғу, оны айналымға енгізу ісі және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың жоғарғы деңгейге жеткен көрсеткіші болып саналады. 

◾️Тарихшылардың айтуы бойынша, алғашқы ақша Ертедегі Лидия және Қытай мемлекеттерінде пайда болды. Ал Қытай қазақ жеріне жақын болғаннан кейін, бізге де ақша сол жақтан келді. Олар домалақ әрі ортасында тесігі бар болатын. Сонымен қатар бұл монеталар Қытайға өтетін рұқсатнама ролін де атқарды. Олар ушу деп аталады және археологтар Отырар алқабындағы Мардан обасынан тапты. Қазақ жерінде монеталардың табылуы Ұлы жібек жолының дәуіріне сәйкес келеді. 

◾️Ушуцянь монеталарын шығару Қытайда бірнеше әулет басқарған кезде жалғасып, біздің дәуіріміздің VI ғасырында аяқталды. Осыдан кейін Оңтүстік Қазақстанның және Жетісудың қалаларында Қытайдың басқа кайюань тунбао (Қытайдың қазіргі замандағы валютасының атымен ұқсас) монеталарын пайдалана бастады. Бірақ, сол кезде, VIII ғасырда қытайдың ақша монополиясын соғдылар бұзды. Шығыс ираннан шыққан осы халық бүкіл Жібек Жолының бойымен сауда жасады.Түркі қағанына бағынышты Қазақстан аумағындағы қалалардың негізгі халқын құрады. Олар Қытайдан бастап Иранға дейінгі көптеген керуен сарайларды ұстады. Осылайша, зерттеулерге байланысты Қытай және соғды монеталарының көпшілігі Отырардың қалалық базарын қазу кезінде табылды.