Отырар теңгесі: Ақша қалай ерекшеленді?
📌 Көшпенділердің ақша орнына түрлі металлды пайдаланғанын жақсы білеміз.
🔍 Осы тұста, бүгін Отырар алқабында шығарылған теңгелер тарихына тоқталамыз. Өздерің білетіндей, Отырар — бұл Қазақстан тұрғындары ғасырлар
бойы пайдаланып келген ақшаның барлық тарихы көрсетілген, уақыт айнасындай болған ежелгі қала. Ақшалар мұнда әртүрлі болатын. Ал ол уақытта ақша реформасы қазіргі кезге қарағанда әлдеқайда көп болды.
🔍Отырар көшпелілермен айырбас сауда жүргізетін орын болды. Мұнда түрлі жәрмеңке ұйымдастырылып, ел экономикасы жақсы дамыды. Отырарда бірнеше түрдегі қола теңге шығарылды. Теңгелердің бет жағында шаршылы садақ, конус тәрізді құрбан шалатын орын, «X» нысанды таңбалары бейнеленген. Оларды Қаңлы мемлекетінің мұрагері болған Кангу Тарбан деген түрік бірлестігінің билеушілері соқтырған болса керек.
🔍 Жергілікті теңгелер Жетісуға қарағанда Отырарда ертеректе қалыптасқан. Отырар жиынтығына кіретін теңгелер Сырдарияның орта ағысындағы қалалардан табылды. Сонымен қатар мұнда халықаралық және аймақаралық саудада пайдаланылған шетелдік теңгелер әлдеқайда көп табылды. Сауда мен ақша айналысы қалалар дамуындағы аса маңызды факторлардың бірі болды. Қала материалдық игілікті өндіріп қана қойған жоқ, сондай-ақ сауда да жасады. Бұл орайда оның екінші міндетін сол заман үшін ең маңызды деп санауға болады.
🔍 Міне, Отырар алқабынан шыққан теңгелер тек ішкі саудаға ғана емес, сыртқы сауданың дамуына да айтарлықтай әсер еткен.