🪙 Ақша ежелгі көшпенділер дәуірінде пайда болды. Дегенмен бастапқыда ақшаның орнына өнімдер айналымда жүрді. Ал айырбастау үшін өнім «тауарға» айналды.Осылайша тауарлы өндіріс келді. Осы тауарлар ақша есебінде жүрді.
🔍 Яғни, тарихи ақшаларға тауарлар жатады. Жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар атқара бастады. Олар: мал, тұз, шай, бидай, күріш, жүн, еңбек құралы, сәнді бұйымдар, бақалшақтар.
Тауар өндірісінің қарқынды даму нәтижесінде кездейсоқ айырбас жиі қолданыла бастады.
Мәселен, бидайды етке, майға, жүнге және тағы басқаға айырбастауға мүмкін болды.
Осы тұста, 1 балта – 5 құмыра, 1 қой – 1 қап бидай сынды басқа да тауарларды осы формада айырбастап отырған.
Уақыт өте келе ақша қызметін металлдар атқарды.
Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланды. Ал біздің заманымыздың I ғасырында салық ретінде алтын, күміс құймаларды алып тұрған.
Ақ ғұндар бір бетіне пехлеви, екінші бетіне эфталит жазуы бар теңгелер жасап, сауда айналымына кіргізген.
Қазақ халқын құраған тайпалар Ұлы Жібек жолына орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізуді өмір қажеттілігі деп тым ерте қолға алған. 6 – 8 ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6 – 8 ғасырлардың бірінші жартысына дейінгі аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде Ашиде әулетінің рәмізі болған арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелерді Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда құйған. Сонымен қатар Отырар маңындағы қалаларда да түрлі теңгелер жасалған. Отырар — бұл Қазақстан тұрғындары ғасырлары бойы пайдаланып келген ақшаның бүкіл тарихы көрсетілген уақыт айнасындай болған ежелгі қала.