-6 мың түйе жүк: Орта Азиямен жүргізілген керуен саудасы

Автор: редактор 15 Желтоқсан, 2022


📍XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан Орта Азиямен сауда-саттық жасады. 

🔸Орта Азия мен Қытайға баратын керуен жолдары Қазақстанның аумағын Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей арқылы басып өтті. Орта Азиямен жүргізілетін сауда керуенінде жыл сайын 5-6 мың түйеге артылған жүк тасылды. 

🔸Патша үкіметі Орта Азиядан мақта, жібек мата, елтірі және түрлі кілемдер алып тұрды.

🔸Орта Азиямен сауда негізінен татарлар мен ортаазиялық көпестердің қолында болды. Егер бұрынғы кездері сауда-саттық тек қалаларда ғана жүргізіліп келген болса, енді ол қаладан тыс жерлерде де ұйымдастырыла беретін болды. Сауда айналымының көлемі әлдеқайда арта түсті. Бірте-бірте уездік қалалардың өздері де ірі-ірі сауда орталықтарына айналды.

▪️Сауда өзінің даму барысында бірте-бірте ақшалай түрге ене бастады. Мемлекеттік қазына Орта Азия көпестерінен алынатын алым-салық есебінен едәуір байыды. Көпестердің саны да арта түсті.

▪️XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі сауда-саттықтың ел аралайтын, тұрақты және жәрмеңкелік түрлері пайда болды.