💸 Әр уақытта және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды – астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын және күміс жүрді.
Өкінішке қарай, қазақтың сауда жасап, ақша айналымға түсіру тарихы әлі зерттелмеген. Алайда халқымыздың ақшаға байланысты шығарған мақал-мәтелдері көп.
1️⃣ Ақша қолдың кірі
2️⃣ Ажалдан ақша беріп құтылмас
3️⃣ Адам боламын десек, арыңды ақшаға сатпа
4️⃣ Ақшаның жайын жарлыдан сұра, адамның жайын арлыдан сұра
5️⃣ Балтам барда тақта жоқ, қалтам барда ақша жоқ
6️⃣ Ақшалының қолы ойнар, ақшасыздың көзі ойнар
7️⃣ Ақшада көз жоқ
8️⃣ Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді
9️⃣ Теңге – тиыннан, ынтымақ ұйымнан құралады
1️⃣0️⃣ Бай кісіде ақша көп болғанмен, ізгі ниеті жоқ болады.
Ал сен қандай мақал-мәтел немесе нақыл сөздерін білесің?😍