Көшпелі қазақтың ермек еткен кәсібі туралы не білеміз?

Автор: редактор 07 Желтоқсан, 2022


🔍 Қазақстанның байырғы жергілікті тұрғындары, нақтырақ айтсақ көшпелі қазақ аңшылықпен ерте заманнан бері айналысқан. Ресейдің XVIII ғасырдағы белгілі зерттеушілерінің бірі И.Г. Андреев бұл жөнінде былай деп жазады: «Аңшылық кәсібі аңдардың көптеген түрлерін аулауға бейімделген. Мәселен, қасқыр, түлкі сияқты аңдарды кең далада атпен қуып жүріп аулайды». 

🐑🐐 Қазақ шаруашылығында аңшылық қосымша кәсіп сипатында болды. Ауқатты бай қазақтар аң аулаумен көңіл көтеріп, уақыт өткізу үшін айналысты. 

🔎 Аң аулауға қыран құстар салу, құмай тазылар жүгірту, қақпан және тұзақ құру сияқты толып жатқан тәсілдерді қолданды. Қазақтар қақпанды көбіне қоныс аударып келген орыс шаруаларынан сатып алды. 

🔎 XIX ғасырда аң аулауға мылтық пайдаланыла бастады. Қасқыр, түлкі, қарсақ ату кеңінен етек алды. Қымбат бағалы аң терілерін жәрмеңкелер мен сауда орындарына шығарып сататын болды.