Қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі — үйсіндер. Олардың негізгі территориясы Қазақстанның Жетісу өлкесі, Шу, Талас өңірі, Ыстықкөл аумағы және Қытайдың Іле аймағы болды.
Тарихқа бойласақ, үйсіндер біраз істің басын қайырып, бірнеше кәсіппен айналысқан.
1. Үйсіндердің негізгі шаруашылығы — жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Бұл экономикада жетекші роль атқарды. Сондықтан болар шаруашылықты жүргізу әрі жайылымдарды пайдалану жүйесі тұрақты түрде дамып отырды.
2. Жетісуда суармалы егіншілікпен қатар тәлімі егіншілік те жақсы дамыған. Кәсіптің бұл түрінен мол өнім алып отырған. Осы кезде тайпааралық айырбас түрі де қарқынды жүрген.
1. Мал шаруашылығы мен егіншіліктен бөлек үйсіндерде үй кәсібі және қолөнер де қарқынды түрде жүрді. Әсіресе, құмыра жасау кәсібі кең етек жайған. Ыдыстар құмыра ұршықшасында жасалған және олардың түріне, пайдалану жағына қарай ерекшеліктері болды. Мәселен, ас пісіруге керамикадан жасалған жайпақ қазандарды пайдаланған.
3. Ежелгі үйсіндер шаруашылығында темір, мыс секілді металлдарды өндіру маңызды орын алды. Бұлардан еңбек құралдары мен тұрмысқа қажетті заттарды жасады. Мысалы, балта, орақ, пышақ, қала берді қару-жарақтарды атап айтуға болады.
4. Сонымен қатар алтыннан әйелдер мен ерлерге арналған зергерлік бұйымдарды да жасаған. Осы тұста, сақиналар мен түрлі бұйымдарға көз салып айналысқандарын айтпай өтуге болмайды.
5. Үйсін қоғамында тоқыма, жіп иіру, тері илеу, сүйектен бұйымдар жасау кәсібі де дамыған. Нақтырақ айтсақ, жануарлардың терісін өңдеп, аяқ киім, шалбар, ат әбзелдерін дайындау істерімен айналысты.
6. Сүйектен жұмырлағыштар, жебелердің ұштары, түймелер мен басқа да шаруашылық пен тұрмысқа қажетті заттарды жасап, пайдаланған.
Ал сен үйсіндер туралы не білесің?