Көшпелі мемлекеттердің негізгі ерекшеліктері

Автор: редактор 23 Қараша, 2022


📌 Қазақстан аумағындағы түркі тілдес халықтар мемлекеттілігінің әлеуметтік-экономикалық және саяси билік деңгейіне, белгілеріне төмендегідей сипаттама беруге болады. Көшпелі және жартылай көшпелі аймақтарда:

1️⃣ Әскери ұйым мен әскери-әкімшілік басқару жүйесі болды.

2️⃣ Дәстүрлі рулық-тайпалық ұйымдар сақталып қалды (патриархаттық отбасы — ру — тайпа — ел — мемлекет).

3️⃣ Билік жүргізуші ақсүйек топтарының қатаң иерархиясы қалыптасты (Рубасы — тайпа көсемі — елбасы — үлес билеушісі — мемлекет басшысы).

4️⃣ Билік мұралық жолмен беріліп отырды. «Сатылы» және «тікелей мұрагерлік» қағидасы қолданылды.

5️⃣ Мәдени-әлеуметтік дамудың жоғары көрсеткіші — әлемдік діндердің таралуы, ортақ тіл мен жазу пайда болды.

6️⃣ Әр түрлі шаруашылық-мәдени үлгілердің бірігуі байқалды:

а) көшпелі немесе жартылай көшпелі мал шаруашылығы басым болуы жағдайында; 

ә) жартылай отырықшы егін шаруашылығының қолөнермен үштастырылған түрінің қатар өмір сүруі.

7.Әкімшілік, сауда, қолөнер, мәдениет орталығы ретінде қалалар дамыды.