Отырар теңгелерінің 3 ерекшелігі

Автор: редактор 28 Желтоқсан, 2022


🏛️Отырар алқабында бірнеше түрдегі қола теңге шығарылды. Бұл теңгелердің бет жағында шаршылы садақ конус тәрізді құрбан шалатын орын, «X» нысанды таңбалар белгісі бейнеленген. Оларды Қаңлы мемлекетінің мұрагері болған, орталығы Сырдарияның орта ағысында орналасқан Кангу Тарбан деген түрік бірлестігінің әртүрлі билеушілері соқтырған болса керек. 

📍Шу аңғарының қалаларында ақшамен сауда жасаудың дамығанын түргештер мен тухустардың теңгелері дәлелдейді, олар VII — VIII ғасырларда қағанаттарда шығарылған, бірақ XI ғасырға дейін айналыста болды. Жетісу теңгелері диаметрі 12 миллиметрден 28 миллиметрге дейін жететін, ортасында шаршы тесігі бар, мыстан құйылған дөңгелек болып келеді. Ең көп тарағандары екі түрлі теңгелер — түргештердің теңгелері мен «түргеш» және «тухус дөңгелектері» дейтін теңгелер. 

📍Түргеш теңгелері қаған атынан шығарылған, мұны олардың бір бетіне айналдыра «Түргеш қағаны (Құдайдың қалаулысы) мырзаның теңгесі» немесе «Түргеш қағаны мырза» деген соғды жазуы дәлелдейді. Тухус теңгелерінің көлемі кішірек және сапасы нашар болған. Жетісу жиынтығы арасында бұл теңгелер төрт түрге бөлініп, олардың ішінде таңбалардың түрлі нұсқалары салынуымен, түсінік сөздердің болуымен немесе болмауымен атап өтілген жекелеген топтарды ажыратуға болады, теңгелер салмағы мен дайындалу тәсілі жағынан әртүрлі — не құйылған, не соғылған болып келеді. 

Ең дағдылысы — «Тухум (Бахум) билеушісі» деген сөздер. Соңғы онжылдық ішінде жергілікті жерде Арслан әулеті соқтырған теңгелер тобы анықталды. Арслан, Қарахандардың алдындагы әулет болса керек. 

🪙 Невакет қамалын қазған кезде осындай теңге табылды: қола шеңберінің диаметрі 20—22 мм, шеңбер ішінде шаршы тесігі бар, теңгенің салмағы — 2,35 г. Соғды курсивімен сағат тіліне қарсы: «Арслан-білге-қаған мырза. Фан (Чаглан?)»,—деп түсінік берілген. 

🪙 Жергілікті теңгелердің Отырар жиынтығы Жетісудағыға қарағанда неғұрлым ертеректе қалыптасқан. Алайда ол Жетісуда неғұрлым көп таралған, мұнда жүздеген теңге табылды, ал Отырардан он шақтысы ғана табылған еді. Жетісу теңгелері мейлінше алуан түрлі: мұнда түргештер теңгелерінің алты, тухустар теңгесінің төрт түрі, құны әр түрлі біртектес даналардан тұратын бірнеше сериясы айналысқа түскен.