Тиын сыртындағы бейнелер қандай мағына бергенін білесің бе?

Автор: редактор 04 Қаңтар, 2023


☝🏻Тиынның шығуы және оның төлем құралы ретінде қолданыла бастауы, қоғамда экономикалық дамудың басталуы, айырбас сауда барысында – ақша айналысының қажеттілігі туындады. Ал әлеуметтік дамуда биліктің пайда болуы ол тиын шығару мүмкіндігіне ие болды. Тиынды шығаруға тек мемлекет құқылы болды. 

🪙 Тиынның қыры – аверс және сыры – реверс бар. Жазулар және тиын аңыздары аверсте, сонымен қатар реверсте де орналасады. Тиында сонымен бірге тиын шығаратын мемлекет, монархтың титулы және аты, тиын сарайының аты, тиынның шығу мерзімі жазылуы мүмкін. Тиынның өзіне белгіленген салмағы болады, ол басқа елдердің тиындарының салмағымен тең және ешқандай айырмашылығы болмауы тиіс. Бірінші тиындар Грецияда және Кіші Азияда күмістен соғылса, ал Қытайда мыстан құйылған. Уақыт өте келе тиын құны да күміс, алтын басты орын алды. Кейінірек оларға никель, аллюминий қосылды. Сонымен қатар темір мен қорғасын көп қолданыла бастады. 

📍Тиынды соққанда оның беріктігін арттыру үшін алтынға және күміске мыс немесе қалайы қоспасын қосады. Бұл қоспа лигатура деп аталады. Тиынды асыл металдың үлесі – проба деп аталады. Ол мемлекетпен белгіленеді. Бірақ кей уақытта мемлекеттік тиын шығаруда тиынның пробасын төмендетіп, салмағын азайтты. 

Мұның себебі өз шығын шығара отырып, мемлекетке мол табыс әкелуі. Мұндай жағдайда тиын өз құнын жоғалтпайды. Бұл көбіне орта ғасырларда қолданылды. Тиындағы жазулар мен бейнелер мемлекетте қандай билік формасы екендігі туралы мәлімет берді.

📍Тиындағы бейнелер мен жазулар көбіне саяси жағдайлар мен қоғамдық өмірді – соғыстар, жаулап алушылық, мемлекеттегі ішкі тартыстар, мемлекеттік және діни реформаларды көрсетті. Кейбір кездерде қандайда бір жағдайларға байланысты арнайы тиындар соғылды.