Тауарлы-ақша қатынастарының дамуы күміс дағдарысына қалай әсер етті?

Автор: редактор 08 Наурыз, 2023


▪️ X-XIII ғасырдың басында айырбас саудасын – тауарлы ақша қатынастары ығыстырды. Қазақстанның ірі Испиджаб, Отырар т.б. қалаларында теңге сарайлары жұмыс істеді. Айналымға жоғары сапалы күміс дирхемдер енгізілді.

🪙 Күміс дирхемдер шығару XI ғасырдың соңына дейін жалғасты. ХІ-ХІІ ғасырдың соңынан бастап дирхемдердің сыртын күміспен жалатып, мыстан соға бастады. Бұған «күміс дағдарысы» деп аталатын күміс қорының азаюы себеп болды.

🖋️ Қазақстан тұрғындарында, сондай-ақ халықаралық сауда құралы және табыс көзі ретінде алтын динарлар қолданылды. Алтын динарлар теңге сарайларында шығарылды, олардың сапасы мен салмағы бір-бірінен ерекшеленді.

🖋️ Теңге сарайларында мыс фельстер соғылды. Мыс фельстер — айналым мен төлемнің жаппай қолданыстағы құралы, ішкі нарықта ұсақ бөлшек сауда саласында пайдаланылды.