Теміржол станциясы, Елена Рыбакина, колледждер. 29-шы маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 29 Маусым, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа бүгінгі күннің басты ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз!🔥

1️⃣ Алматыда жаңа теміржол станциясы пайда болады. Станцияның құрылысы тамыздың ортасында басталады.

Жолдың жалпы ұзындығы 8 км құрайды. Ол «Боралдай» станциясына жанасады. Станцияға кірме жолдар – 1,8 км. Осы айдың өзінде резидент компаниялар теміржолдарға жанасуға техникалық шарттар алады. Тасымалданатын жүктердің көлемі жылына 1,8 млн тонна деңгейінде күтілуде.

Керемет жаңалық😍

2️⃣ Қазақстандық колледждерге құжат қабылдау басталды.

Биыл 128 мың грант бөлініп, рекордтық көрсеткіш орнатылды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 45 мыңға артық.
Білім беру гранттарының басым бөлігі техникалық мамандықтарға бөлінеді. Атвп айтатын болсақ, IT, құрылыс, инженерия, металлургия.

Құжаттар Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы қабылданып жатыр.

Ал сен тапсырып үлгердің бе?)

3️⃣ Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2022 жылы 31 кездесуде 168 эйс жасаған. Осылайша, ол жаңа жетістікке қол жеткізді.

Айта кететін жайт, Рыбакина күні кеше Ұлыбританияның ашық чемпионатының ашылу матчында америкалық Коко Вандевегені (WTA No157) 7:6 (7:2), 7:5 есебімен жеңді.

Құттықтаймыз!👏🏻👏🏻👏🏻