Жүннен мақта тоқу кәсібінің жанданған дәуірі

Автор: редактор 05 октября, 2022


Жүннен мақта тоқу кәсібінің жанданған дәуірі

💭 XX ғасырдың 50-70 жылдарында осы өңірлерді зерттеген экспедиция деректеріне сүйенсек Орта Азия халықтарының тұрмыс жағдайлары бір деңгейде дамып, бір-бірімен ұштасып жатты. Олардың айналысқан кәсібі ел экономикасына тікелей әсер етті.

🖋️ Мысалы, мал шаруашылығымен айналысатындардың барлығы мал шаруашылығының өнімі – жүннен мата тоқу кәсібімен айналысты. Кәсіптің бұл түрі үй жағдайында әйелдердің күшімен ғана іске асырылған. Тазартылған жүн ұршықпен иіріліп, өрмек станогының көмегімен ені 20-30 см болатындай мата тоқылған. Мата тоқуға түйе, қой, ешкі жүндері пайдаланылған.

🖋️ Әсіресе, ауқатты адамдар киген шекпен тігетін жүн маталардың денін қазақтар өндірген. Көршілес халықтар жүн маталарды, шекпендерді қазақтардан сатып не басқа өнімге ауыстырып алып отырған. Түйе жүнінен көйлек, шалбарлар да тоқылған.

📍 XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бас кезінде көшпелі халықтардың басым көпшілігі отырықшылық тұрмыс қалпына көшулеріне байланысты мақта өсіріп одан мата тоқи бастады.

🖍️ Мақта-мата тоқу кәсібі әсіресе өзбек халықтары арасында кеңінен етек алды. Түркмендер де осы кәсіппен айналысты. Мата тоқитын қарапайым аяқтың күшімен айналатын станоктар пайда болды.

🖍️ Мақтадан тоқылған маталар табиғи бояулармен боялды. Мақта маталардың ішінде кең таралғаны бөз мата болды. Бөз сапасы төмендеу боялған мақтадан тоқылды. Мақта маталардың ені 60 см-ге дейін жеткен. Қазір ұмыт болған Орта Азия халықтары киім тігуге пайдаланған мата түрі торқа (қымбат, жібек матаны да осылай атаған), боялмаған сарғыштау кендір (Apocynum sibirrcum) деген өсімдіктен өндірілген. Бұл өсімдіктің қызыл кендір деген түрін қарақалпақтар пайдаланған.

Торқа жөнінде А.М.Никольский «Арал бассейні суындағы балық аулау кәсібі» деген енбегіндегі жазбаларында алғаш рет еске алған. И.И.Гейер: «Өңделген кендір талшығынан әдемілігі жіәне жылтырауы жағынан жібектен кем түспейтін мата алынады»,-деп жазған. Торқаны ұршықпен иіріп, өрмек тоқитын станокта тоқыған. Кендірдің талшығы қатты бол,андықтан өрмек станогының қылышын (ерсі жіппен қарсы жіп арасындағы арқауды бекітетін құрал) қатты соғып тоқуға тура келген. Бұндай мата мықты, төзімді болған. Қызыл кендірді булап, жүн сияқты сабаған. Көбіне табиғи сұр түстісін жиі пайдаланған. Матаның бұл түріне көп адамдардың қолы жете бермеген.