1 272 000, Астана, Автокөлік нөмірі. 14-ші қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 14 Қыркүйек, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ 1 272 000 теңге мөлшеріндегі қайтарымсыз гранттар алуға өтінім қабылдау 19 қыркүйекте басталады.

Грант алудың негізгі шарттары:
– ресми жұмыссыздар
– Жеке кәсіпкерлер
– Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер

Келесі санаттардың біріне жату:

– Жастар (18-ден 28 жасты қоса алғанда)
– Көп балалы тұлғалар – көпбалалы жәрдемақы алушылар
– Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері
– Мүгедек баланы тәрбиелеуші жәрдемақы алатын адамдар
– Атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған адамдар және олардың отбасы мүшелері
– Мүмкіндігі шектеулі адамдар

📌 Талаптарға сай келсеңіз, қатысып көріңіз!

2️⃣ Астана атауын қайтару туралы ұсыныс конституциялық заң жобасына енгізілді.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы хабарлады.

« Парламенттегі депутаттар тобы елорданың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсыныс білдіргені мәлім.

Депутаттардың бұл бастамасы туралы Президент хабардар. Халық қалаулылары, өз кезегінде тұрғындармен кездесулерде айтылған ұсыныстарға, сондай-ақ референдум кезінде азаматтардың көптеген өтініштеріне сүйенді.

Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді» деп жазды Руслан Желдібай Фейсбуктегі парақшасында.
Сондай-ақ, жазбада Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы керегі айтылған.

«Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс» делінген сөз соңында.

Бұл өзгеріске қалай қарайсыз?🤔

3️⃣ Қазақстанда автокөліктердің мемлекеттік нөміріне фальсификациядан (жалған) қорғауға арнайы және қосымша элементтер қосылады.

«ҚазСтандарт» ҚТРМ МТИ баспасөз хатшысы Әсел Есмағанбетованың айтуынша, биыл 1 қыркүйектен бастап ҚР СТ 986-2022 ұлттық стандарты қолданысқа енгізілген.
«Онда автокөлік нөмірлері мен оларға арналған бланкілерге қойылатын талаптар жазылған, оларда қолдан жасаудан (жалған) қорғау үшін қажетті арнайы және қосымша элементтері болуы керек. Стандарт мемлекеттік тіркеу белгілеріндегі қаріптерге, сандарға және қорғау элементтеріне қойылатын техникалық талаптарды біріздендіруді қамтамасыз етеді», – делінген ведомство хабарламасында.