1 маусымға арналған афиша: Балалар күніне орай Астана мен Алматыда қайда баруға болады

Автор: редактор 30 Мамыр, 2024


1 маусымға арналған афиша: Балалар күніне орай Астана мен Алматыда қайда баруға болады

📌 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Осы тұста еліміздің біраз қаласында түрлі шаралар өткізілмек. Ендеше 1 маусымда Астана мен Алматыда баламен қайда баруға болады? Материалға көз жүгіртіп шығыңыз.

🟢 Астана

Алғашқы жазғы демалысқа орай Астананың бес ауданында концерттер, акциялар, көрмелер, байқаулар, шығармашылық фестивальдер және т.б. қоса алғанда, ондаған түрлі іс-шаралар өтеді.

31 мамырда сағат 10.00-де Beeline Arena теннис орталығында “Бақытты шаңырақ” қоғамдық қоры балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырады.

Осы уақытта “Железнодорожный” тұрғын алабының саябағында тұрғындарды ЮНИМОТО мотокроссында демонстрациялық қойылымдарға шақырады.

31 мамырда сағат 11:00-ден бастап Көктал саябағында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған Көңілді старттар өтеді.

“Жерұйық” саябағында сағат 15:00-де ұлттық спорт ойындары арқан тартыс, гір тасын көтеру, асық ату, т.б өтеді.

Триатлон саябағында сағат 15:00-де “Әкем, анам және мен – бірге тату отбасымыз” атты дәстүрлі көңілді старт өтеді.

Астана тұрғындары Кирпичный, Казгородок, Өндіріс тұрғын алаптарында және Ататүрік саябағында сағат 11:00-де өтетін “Бақытты балалар – Бейбіт елдің тірегі” концертін тамашалай алады. Сондай-ақ қонақтар асфальтқа сурет салуға мүмкіндік алады. Қала берді балаларға арналған көңілді старттар, аниматорлардың қойылымдары және тәтті сыйлықтар таратылады.

“Жетісу” және “Столычный” саябақтарында сағат 15:00-де ерекше балалар арасында көңілді старттар болады.

1 және 2 маусымда Жетісу саябағында сағат 10.00-ден бастап “Бөпе жәрмеңкесі” отбасылық фестивалі өтеді.

2-10 маусым аралығында “Айланд” орталық спорт орталығындағы ойын-сауық саябағында балаларға арналған караоке, би батлдары, ойындар мен жарыстар бар күнделікті шоу-бағдарлама ұйымдастырылады.

Триатлон саябағында 1 маусым күні таңғы сағат 6:30-да “Қайырымдылық Самұрық марафоны – 2024” қайырымдылық жарысы өтеді.

1 және 2 маусымда қалалық алаңда сағат 14:00-ден 20:00-ге дейін “Шығармашылық жаз” фестивалі өтеді.

1 маусым күні сағат 15:00-де Арбатта “Қара, оқы” караоке кеші өтеді, жас қатысушылар сахнада танымал әндерді орындай алады.

1 маусымда елордалық амфитеатрда күні бойы балалар шығармашылық және спорт фестивалі өтеді.

1 маусымда сағат 11:00-де Пригородный тұрғын алабында балаларға арналған мерекелік концерт өтеді.

Сағат 14:00-де Үркер тұрғын алабындағы “Айғыржал” саябағында балаларға арналған шоу-бағдарламасы мен аниматорлары бар концерт басталады.

Алматы

Мемлекеттік қуыршақ театрында 31 мамырда сағат 11:00-де биыл тұсауы кесілген “Бәтеңке киген мысық” қойылымы көрсетіледі, одан кейін жас көрермендер “Теремок” қойылымын сағат 14:30-да қазақ тілінде және 16:00-де орыс тілінде тамашалай алады.

Тікелей 1 маусым – Балаларды қорғау күні – мегаполистің әр жерінде мерекелік бағдарламалар өтеді.

Басты концерт Орталық мәдениет және демалыс саябағында сағат 11:00-де өтеді. Сахнада қазақ эстрадасының жұлдыздары, сондай-ақ балалар вокалдық және би ұжымдары өнер көрсетеді.

Қонаев мұражай-үйінде сағат 11:00 және 15:00-де “Менің мұражайым” тақырыбына экскурсиямен қатар квест ойыны өтеді.

Ал, Тілендиев мемориалдық мұражайында сағат 12:00-де “Балалық шақ еліне саяхат” тақырыбында ашық сабақ өтеді.

Сонымен қатар, Балаларды қорғау күні қаланың кейбір аудандарында мерекелік шаралар өтеді.

Алатау өңірінде сағат 11:00-де Нұркент шағын ауданы, 5/11 мекенжайында орналасқан дәстүрлі музыка мультимедиялық орталығына балаларға арналған экскурсия өтеді.