10-16 ақпанға арналған қаржылай жұлдыз жорамал
Тоқты
Сіздің ақша табуға деген құмарлығыңыз соншалық, тіпті қыста қарды да сатып жіберуге дайынсыз. Алайда бұл аптада ғалам сізге бір белгі беріп тұр: табысыңызды тек “болашағы зор” жобаларға емес, өз қажеттіліктеріңізге де жұмсауды да ұмытпаңыз.
Торпақ
Тұрақтылық – сіздің екінші атыңыз. Бірақ ақшаңызды қажеттіліктерге ғана жұмсау күндердің күнінде жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан өзіңізге бір сәттік қуаныш сыйлап, кішкентай болса да қалаған дүниеңізді сатып алыңыз. Бір шыныаяқ сапалы кофе – артық шығын емес, жай ғана өзіңізге жасаған қамқорлық.
Егіздер
Әмияныңыз аяқ асты қабылданатын шешімдерден мезі болды. Осы аптада қаржы тәртібін сақтап көріңіз. Әрбір жаңа тауарды сатып аларда өзіңізден: “Бұл маған расымен керек пе?” – деп сұрауды әдетке айналдырыңыз. Себебі үйіңізде онсыз да ас үй пышақтары жиналып тұр.
Шаян
Сіз ақшаны жақсы табасыз, бірақ оны сақтауға келгенде аса сенімсізсіз. Қаражатыңызды жастықтың астына жасырудың орнына, сенімді жерге сақтауды ойластырыңыз. Мысалы, депозит ашып немесе арнайы сейф сатып алыңыз. Бұл сізге қосымша тыныштық сыйлайды.
Арыстан
Сіздің талғамыңыз жоғары, бірақ бұл кейде бюджет тепе-теңдігін бұзуы мүмкін. Әрине, сән-салтанатқа жаныңыз құмар, бірақ жұлдыздар қаражатыңызды шынайы пайда әкелетін дүниелерге жұмсауға кеңес береді. Мысалы, қаржы сауатына арналған курсқа жазылып көріңіз.
Бикеш
Сіз ақшаны үнемдеуде шеберсіз, Дегенмен өзіңізге аз да болса еркіндік берудің еш зияны жоқ. Кейде бағасына қарамай, қалаған нәрсеңізді сатып алуға да болады. Ең болмағанда, бір шоколадпен өзіңізді қуантып қойыңыз.
Таразы
Сіз қаржы мәселесінде ұзақ ойланып, шешім қабылдағанша, инфляция осы аралықта оның құнын төмендетіп жібереді. Сондықтан шешім қабылдауды тездетіп, мүмкіндіктерді пайдалануға дағдыланыңыз. Кейде интуиция аналитикадан да маңызды.
Сарышаян
Ақша сізге магниттей тартылады, бірақ сондай жылдамдықпен ғайып болады. Осы аптада қаржыңызды бақылауға алыңыз. Бюджет жүргізетін арнайы қосымша немесе қарапайым дәптер бастаңыз. Бұл сізге қаражатыңызды тиімді басқаруға көмектеседі.
Мерген
Сіз үшін ақша жұмсау – өмір сүру салтыңызға айналған. Бірақ осы аптада өзіңізге жаңа сынақ қойып көріңіз: жалақыңызды екі күнде түгел жұмсап тастамай, оны ақылмен басқарыңыз. Бәлкім, сізде жасырын қаржыгерлік талант бар шығар?
Тауешкі
Сіз қаржы мәселесіне өте жауапкершілікпен қарайсыз. Бірақ үнемдеу мен шектен тыс сараңдықтың ара-жігін ажырату маңызды. Өз қалауыңызды да ескеріп, өзіңізге бір кішкентай сыйлық жасап қойыңыз.
Суқұйғыш
Сіздің табыс табу идеяларыңыз тамаша, бірақ олардың жүзеге асуы көп жағдайда аяқсыз қалады. Осы аптада кем дегенде бір жобаны соңына дейін жеткізіп көріңіз. Бәлкім, ғалам сіздің табандылығыңызды бағалап, сыйақы береді.
Балықтар
Сіздің әмияныңыздан ақша жоғалып кететін сияқты. Қайда, не үшін жұмсағаныңызды өзіңіз де түсіне алмай қаласыз. Осы аптада қаражатты бақылауға алып, шығындарыңызды жазып жүріңіз. Ал ең бастысы – ақшаңызды қажетсіз нәрселерге оңды-солды шашуды доғарыңыз.
Есіңізде болсын: жұлдыз жорамал тек ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржы мәселесіне қатысты шешімдерді әрдайым ақылға жүгініп қабылдаңыз.