10–16 наурызға арналған қаржылай жұлдыз жорамал

Автор: редактор 10 марта, 2025


10–16 наурызға арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Ақшаға келгенде есептен жаңылыспаған дұрыс. Бірақ сіздің жағдайыңызда олар шытырман оқиғаны ұнататындай көрінеді. Осы аптада әмияныңыз “жоқшылық пен тоқшылықтың” арасында жүруі мүмкін. Жарқыраған әр затқа қызығып, лотерея билетінен үміт күтудің қажеті жоқ.

♉️Сіздің үнемшілдігіңіз көпке үлгі. Дегенмен ақша жинаймын деп, өзіңізді ұмытып кетпеңіз. Сондай-ақ дүкен аралап жүріп, ақшаны судай шашуға да жол бермеңіз. Қаржыны үнемі қадағалап отырған жөн.

♊️Қолыңызға ақша түссе, лезде жоқ болады. Бұл аптада да солай – қайда, неге жұмсау керегі туралы ой көп, бірақ оны қайдан табамын деген сұрақ екінші кезекте қалып қояды. Бәрін рет-ретімен жасаңыз, әйтпесе айдың соңын тез дайындалатын кеспемен қарсы алуыңыз мүмкін.

♋️Ақша туралы ойласаңыз, басыңыз ауыра ма? Түсінеміз, кейде қолыңызға тиген ақша лезде ғайып болып жатады. Бірақ жағдайды ушықтырмаңыз! Үйде, сөмкеңізде, қалтаңызда бұрыннан қалған тиын-тебеніңіз болуы мүмкін. Іздеп көріңіз – бір шыны кофе алуға жетіп қалар.

♌️Сіздің әмияныңыз – үлкен сахна, ал ақшаңыз – көрермен көзінен жасырынуды жақсы көретін актер. Осы аптада жұлдыздар өзгелердің көңілін бағып, оларға демеуші болудан бас тартуды ұсынады. Достарыңыз кофе ақшасын өздері төлесін, ал сіз болашағыңызға инвестиция жасаңыз (немесе, ең болмағанда, жаңа шұлық сатып алыңыз).

♍️Сіз ақшаны есеппен жұмсайсыз, бұл – керемет қасиет. Бірақ кейде өзіңізді де еркелеткен дұрыс. Осы аптада қаржыңызды пайдаңызға жұмсаудың оңтайлы сәті туады – жақсы кітап алыңыз, біліміңізді толықтырыңыз. Ал жеңілдікке бола несие алудың қажеті жоқ.

♎️Сіздің қаржыңыз – құбылмалы ауа райы секілді: бірде көп, бірде аз. Бюджетті дұрыс басқаруды үйренетін уақыт келді. Егер бірдеңе алғыңыз келсе, алдымен “Маған бұл шынымен керек пе?” деп ойланыңыз. Бес минуттан кейін де сол пікірде болсаңыз, онда алуыңызға болады.

♏️Ақша көбейтудің жолын жақсы білесіз. Алайда күмәнді ұсыныстарға еріп кетуден сақ болыңыз. Егер “ештеңе салмай-ақ табыс табуыңызға мүмкіндік бар” деген әңгімені құлағыңыз шалса, бірден ат басын бұрыңыз. Есіңізде болғай, тиімді инвестиция – өзіңізді дамыту.

♐️Ақша есеп білетіндерде жиналады. Ал “Жалақы қайда кетті?” деген сұраққа “Қайдан білейін, бірақ жақсы көңіл көтердік!“ деп жауап беретіндерде тұрақтамайды. Осы аптада эмоцияға еріп, қажетсіз зат алудан аулақ болыңыз. Әсіресе, мынау “керемет мүмкіндік” деп сендіруге тырысатын адамдарға еріп кетпеңіз.

♑️Сіз қаржыңызды дұрыс басқара аласыз. Бірақ кейде өзіңізге еркіндік беруді де ұмытпаңыз. Мәселен, 3000 теңгені әдеттегі түскі асқа емес, көңіліңізді көтеретін бір ұсақ-түйекке жұмсап көріңіз. Ақша тек болашаққа емес, бүгінгі жайлылығыңызға да қызмет етуі керек.

♒️Сіздің қаржыға қатысты ойларыңыз тым ерекше. Сондықтан сіз көп жағдайда не байып кетесіз, не үлкен қарызға батасыз. Осы аптада “кепілді пайда” ұсынатын күмәнді бастамалардан аулақ болыңыз. Қалтаның жайына бір қарап, асығыс шешім қабылдаудан аулақ болыңыз.

♓️Жұлдыздар ескертеді: интернет-дүкеніндегі “соңғы мүмкіндік”, “ең тиімді жеңілдік” деген жарнамалар көбіне сіздің әмияныңызға ғана салмақ түсіреді. Осы аптада ойланбай сауда жасаудан бас тартып, қаржыңызды жүйелеуге тырысыңыз. Ең болмаса, ақшаңыздың қайда кетіп жатқанын ойша бақылап отырыңыз.

Қорытынды:

Бұл апта қаржы тұрғысынан қызыққа толы болмақ. Бірақ әмиянға қол салмас бұрын ақылға жүгінуге кеңес береміз! Сонда бәрі ойдағыдай өтетіні сөзсіз. 

Ескерту: Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдаңыз.