14–20 сәуірге арналған қаржылай жұлдыз жорамал
♈️Тоқтылар, бұл аптада қаржы мәселесінде асығыстық танытпаңыз. “Тәуекел – ердің ісі” деген дұрыс, бірақ жинаған ақшаңызды оңды-солды жұмсауға болмайды. Әсіресе, аяқ астынан пайда болған ұсыныстарға сеніп, инвестиция құюдан аулақ болыңыз. Қаражатыңызды кейін қажетке жарайтын дүниелерге сақтағаныңыз абзал – мысалы, жолда асығып келе жатып салынған айыппұлға.
♉️Торпақтар, бұл аптада қалтаңызда тұрақтылық орнайды, тек өзіңізге керегі жоқ дүниелерге ақша шашпасаңыз болғаны. Әсіресе “қонақ келгенде керек болады” деп кезекті ыдыс-аяқ жиынтығын сатып алуға асықпаңыз. Есіңізде болсын: бақыт ақшада емес, бірақ сол ақша өзіңізді еркін сезінуге жетсе – нағыз бақыт сол!
♊️Егіздер, бұл аптада ақшаңыз көз алдыңызда зым-зия жоғалып кететіндей әсер қалдыруы мүмкін. Ақшаңыз қайда кетіп жатқанын бақылап отырыңыз. Уақытыңызды білім алуға, біліктілігіңізді арттыруға жұмсаған дұрыс – ертеңгі табысыңыз соған тікелей байланысты болмақ.
♋️Шаяндар, бұл аптада өзіңізді шетке ысырып қоймай, бір жақсы нәрсеге көңіл бөліңіз. Қанша еңбек етсеңіз, сонша марапатқа лайықсыз. Бірақ асыра сілтемей, сақтықты да ұмытпаңыз – күтпеген жағдайларға қор жинап жүрген дұрыс.
♌️Арыстандар, бұл аптада қаржы жағынан сәтті келісімдер күтіп тұр. Бірақ айнаға қарап өзіңізге тамсанып отыруға кететін қаражатты азайтсаңыз жақсы болар еді. Есіңізде болсын, патша болсаңыз да, кейде үнемдеуге тура келеді.
♍️Бикештер, бұл аптада қаржы жағынан күтпеген жағымды жаңалық болады. Мүмкін, баяғыда ұмытып кеткен біреуден қарыз қайтар немесе көктемгі күрткеңіздің қалтасынан тиын-тебен шығып қалар. Қалай болғанда да, ол ақшаны орнымен жұмсаңыз – мысалы, өз-өзіңізді дамытуға арналған кітап сатып алыңыз. Осы сәтте жан дүниеңіз де, әмияныңыз да рақмет айтады.
♎️Таразылар, бұл апта сізден маңызды қаржылай шешімдер қабылдауды талап етеді. Басқаларға сеніп тапсырмай, өз түйсігіңізге жүгініңіз. Есіңізде болсын, қателессеңіз де – бұл өмірдің соңы емес. Қаласаңыз, тағы бір несие алуға болады… (әзіл ғой, әрине!).
♏️Сарышаяндар, бұл аптада қаржылай қауіптен аулақ жүрген жөн. Бақ сынайтын ойындар мен күмәнді ұсыныстардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Қайта, сол ақшаны өзіңізге пайдалы бір нәрсеге жұмсаңыз – мысалы, тәуекелге бой алдырмауды үйрететін курсқа жазылсаңыз, жаман болмас.
♐️Мергендер, бұл аптада күтпеген табысқа кенелуіңіз мүмкін. Бірақ абай болыңыз – ол ақша қалай келсе, солай кетіп те қалуы ғажап емес. Сол себепті бір бөлігін өзіңіз армандап жүрген сапарға жұмсаған дұрыс шығар. Өйткені жұмсалған ақша үшін емес, орындалмаған арман үшін өкіну қиын.
♑️Тауешкілер, бұл аптада басты міндетіңіз – бюджетіңізді жоспарлау. Кіріс пен шығысыңызды қағазға түсіріп, соған сай өмір сүруге тырысыңыз. Жинақтау – қызықсыз шаруа емес, керісінше, болашақта үлкен істі бастауға немесе дәмі тіл үйіретін қымбат кофені рахаттанып ішуге мүмкіндік беретін ақылға қонымды қадам.
♒️Суқұйғыштар, бұл аптада қаржы саласында шығармашылығыңызды көрсетуге тамаша мүмкіндік туады. Ақша табудың бұрын қолданбаған тәсілдерін ойластырып көріңіз. Бәлкім, үйде шаң басып жатқан ескі заттарыңызды “ретро бұйым”, “вintage” деп онлайн базарға шығарып сатуға болатын шығар? Бұл көзге ескі көрінсе де, біреуге нағыз табыс болуы мүмкін.
♓️Балықтар, қаржылай шешім қабылдауда бұл аптада ішкі түйсігіңізге құлақ асыңыз. Қайда жұмсау керек, неден аулақ болу керек – бәрін жүрек сезімімен аңғара аласыз. Бірақ сақ болыңыз: интуиция мен ішіңіздегі “тәтті жегім келіп тұр” дейтін ашқарақты шатастырып алмаңыз. Ақша тортқа емес, нақты қажетке жұмсалсын.
Аптаңыз сәтті өтсін және қаржыңыз еселене берсін!
Есіңізде болсын, жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.