17-23 ақпанға арналған қаржылай жұлдыз жорамал
♈️Осы аптада қаржатыңыз қолыңыздан судай сусып кетуі мүмкін. Әсіресе, аяқасты шығындар мен тосыннан жасалған саудаға абай болыңыз. Жеңілдіктер мен акцияларға қызығып, қажетсіз нәрселерге ақша жұмсап қоймаңыз. Себебі маркетологтар сіздің әлсіз тұсыңызды әлдеқашан зерттеп қойған!
♉️Сіз қаржы жоспарын жасауға шеберсіз. Бірақ кейде оны орынды жұмсауды да үйренген жөн. Үйде тамақ әзірлегеннен гөрі тапсырыс беруді жиілетіп жіберсеңіз, картаңыз өзі-ақ ескерту жасауы мүмуін. Ал ақша үнемдеудің ең оңай жолы – тоңазытқышты азық-түлікке толтырып қою.
♉️Бұл апта сізді қаржылай тәуекелге итермелеуі мүмкін. Сондықтан тегін ірімшік тек қақпанда болатынын ұмытпаңыз! Ал интернеттегі тым жақсы ұсыныстар көбіне алаяқтардың айласы болуы бек мүмкін. Асығыс шешім қабылдамас бұрын, ақпаратты екі мәрте тексеріңіз.
♊️Сіз ақша үнемдеп, оны дұрыс жұмсаудың шеберісіз. Алайда осы аптада өзіңізге артық нәрселер алып қоюдан тайынбайсыз. Бізден кеңес: “кейін керек болады” деген сылтаумен артық зат сатып алмаңыз және “бұл – соңғы данасы” деген жарнамаларға сенбеңіз.
♋️Сіз үшін қаржылай тұрақтылық – басыңыздағы тәж секілді. Алайда оның кейде жауапкершілігі де ауыр. Мәселен, осы апта ішінде жақындарыңыз сізден қарыз сұрауы мүмкін, бірақ оны қайтару жолында қаржылай қиындықтарға тап болуы мүмкін. Қарыз берерде ойланып шешім қабылдаңыз.
♌️Бюджет жоспарлау – сіздің сүйікті ісіңіз. Дегенмен тым қатаң бақылаудың қажеті жоқ. Өзіңізге кішігірім қуаныш сыйлаңыз. Тек шектен шықпаңыз – ипотека сияқты үлкен жауапкершіліктерді ұмытпаңыз.
♍️Сіз көп ақша тапқыңыз келеді, әрі оны әдемі жұмсағыңыз келеді. Бірақ шындыққа тура қарасаңыз, бәрі басқаша. Яғни, екеуінің бірін ғана таңдауға тура келеді. Қаржыңызды есепсіз жұмсамаңыз, әйтпесе айдың соңында жеңілдікпен сатылатын кофе іздеп кетуіңіз мүмкін.
♍️Осы аптада сізге келетін қаржы кері бағытта ағылады. Қаржыңызды мұқият бақылаңыз, әйтпесе банктен “Сіз осы өмір салтыңызды жалғастырғыңыз келетініне сенімдісіз бе?” деген сарындағы хабарлама алуыңыз әбден мүмкін.
♐️Аптаның басты таңдауы: барлық ақшаны бірден жұмсау ма, әлде жалақыға дейін үнемдеу ме? Қаржылай шектеулерді ұнатпайсыз, бірақ айдың соңында “жасырын ақшам қайда?” деп бас қатырмас үшін аз да болса қор сақтаған жөн.
♑️Бюджетіңіз толық бақылауда, ішкі есепшіңіз риза. Бірақ жұлдыздар ескертеді: тек жұмыс істеп, демалмасты ұмытсаңыз, ақша жұмсауға да уақыт таппай қалуыңыз мүмкін. Өзіңізді кішкентай сыйлықпен қуантуды ұмытпаңыз – мысалы, шоколад алыңыз, бұл да жақсы көңіл күйге жасалған инвестиция!
♒️Сіз – идеялар генераторысыз, бірақ оларды табыс көзіне айналдыру әзірге қиын болып тұр. Бұл – сізге белгі: пайда әкелмейтін жобаларға ақша салуға асықпаңыз. Инвестиция жасағанда барынша сақ болыңыз.
♓️Сауда жасауға деген құлшынысыңыз жоғары. Бірақ банк картасы сізге: “Қалқам, қазір емес” деп тұрғандай. Қаржыңызды “шын қажеттілік” пен “жай ғана қалау” деп бөліп қарастырыңыз, әйтпесе айдың соңында қарапайым тағамдармен күнелтуге тура келеді.
Қорытынды:
Ақша есепті жақсы көреді, бірақ артық уайымды ұнатпайды. Қаржыңызды ақылмен жұмсаңыз және өмірден ләззат алуды ұмытпаңыз – жұлдыздар сізге және сіздің банк шотыңызға да сенкді!)
Есіңізде болсын: жұлдыз жорамал тек ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржы мәселесіне қатысты шешімдерді әрдайым ақылға жүгініп қабылдаңыз.