💪Бүгін спорт сүйер қауым халықаралық күрес күнін атап өтеді. Аталған спорт түрі Ежелгі Грецияның өзінде Олимпиада ойындарының сәні болған. 1904 жылы 23 мамырда Венада күрестен бірінші әлем чемпионаты басталып, 2013 жылдан бері бұл күн ресми түрде тойланып келеді. Қазақстанда күрес — ұлттық спорт түрі. Осы сала бойынша спортшыларымыз әлемдік жарыстарда ұдайы жеңімпаз атанып, жүлделер иеленіп келеді.
Қазақтың қай балуанын білесіз?
🏥23 мамырда Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен халықаралық акушерлік жарақаттан алдын алу күні аталып өтеді. Бұл күн – халықаралық қауымдастықтың назарын босану кезінде туындайтын ауыр жарақаттардың бірі – акушерлік жыланкөзге аудартуға бағытталған. Патологиялық босану кезінде қынап пен тік ішектің арасындағы қабырға зақымданып, ректовагинальды жыланкөз пайда болуы мүмкін. Бұл денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіріп, зәр және нәжіс ұстамау сынды күрделі мәселелерге әкеледі.
Проблеманың күрделене түсуіне әлеуметтік факторлар да әсер етеді: кедейлік, білім мен медициналық көмектің қолжетімсіздігі, әйелдердің репродуктивті денсаулығына деген немқұрайлылық және ерте жүктілік.
🐢23 мамыр — Дүниежүзілік тасбақалар күні. Олар жай қимылдайтын, бірақ сүйкімді жаратылыс. Адамдар арасында тасбақалар 300 жыл өмір сүреді деген аңыздар бар. Шындығында тасбақаның орташа өмір сүру ұзақтығы — кем дегенде 30 жыл, ал ең ұзағы — 130 жыл. Қазір тасбақалар толығымен жойылу алдында тұр. Бұған себеп — браконьерлер мен басқа жануарлардан төнетін қауіп. Сондықтан бұл күн – осы маңызды мәселеге қоғам назарын аудартуға бағытталған.
👥24 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар. 142 жыл бұрын америкалық актер, дыбыссыз кино дәуірінің ең жарық жұлдыздарының бірі Дуглас Фэрбенкс (1883-1939) дүниеге келді. Ол “Оскар” сыйлығын тапсыратын Кинематография өнері және ғылым академиясының негізін қалаушы әрі бірінші президенті. Сонымен қатар 101 жыл бұрын “Алтын адамды” тапқан қазақ археологы Кемал Ақышев (1924-2003) өмірге келді. Қазақ археологиялық мектебінің негізін қалаушылардың бірі 200-ден астам ғылыми еңбек пен 15 кітап жазды. Сондай-ақ дүниежүзілік маңызы бар Сарыарқаның тарихи ескерткіштері, Бесшатыр қорғандары, Отырар ескерткіштері туралы ғылыми мәліметтер жинаған. Оның есімі Қазақстанның Құрмет Алтын кітабына жазылған.