🤝Бүгін – Ұлы Отан соғысының басталған күні. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия соғыс жарияламастан КСРО-ға басып кірді. Төрт жылға созылған бұл сұрапыл соғыс миллиондаған адамның өмірін жалмады. 6 миллион 200 мың халқы бар Қазақстан азаматтардың 20 пайызын майданға аттандырса, соның ішінде әрбір үшінші адам майдан даласынан оралмады. 500-ден астам жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды.
🥳2014 жылы 22 маусымда Ұлы Жібек жолы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді. Қазақстан, Қытай және Қырғызстан бірлесіп дайындаған өтінім ЮНЕСКО Білім, ғылым және мәдениет ұйымының Дохада өткен 38-сессиясында қабылданды. Жоба аясында Жібек жолының бойындағы 33 тарихи ескерткіш ұсынылды. Оның 22-сі Қытайда, 8-і Қазақстанда, 3-еуі Қырғызстанда орналасқан.
🤗22 маусымда тәтті әуесқойлары шоколадты эклэр күнін атап өтеді. Эклер француз тілінен аударғанда “найзағай жарқылы” деген мағынаны білдіреді. яғни бұл тәттінің көзді ашып-жұмғанша жоқ болып кететінін меңзейді. Эклерді Наполеонның аспазы Мари-Антуан Карем ойлап тапқан. Оның айтуынша, мінсіз эклердің ұзындығы 14 сантиметр болуы керек. Бүгінде бұл десерт әр елде түрліше дайындалып, әртүрлі аталады. Қазақстанда “эклер” дәстүрлі атауын сақтап қалса, Испанияда оны “пепито” деп атайды.
Сізге қайсы ұнайды: эклер немесе кекс?
👥22 маусымда өмірге келген танымал әйелдер. Бүгін қазақтың белгілі өнер қайраткері Амангүл Иханова 77 жасқа толды. Ол былғарыдан картина жасаудың ерекше әдісін ойлап тауып, “кушкон” деп аталатын тәсілді патенттеген автор. Суретшінің туындылары бүгінде әлемнің әр түкпіріндегі музейлер мен жекелеген коллекцияларда сақтаулы. Олардың қатарында Ұлыбритания королінің жеке топтамасы мен Нью-Йорктегі БҰҰ-ның Бас ғимаратының холлында орналасқан туындысы да бар. Амангүл Иханова АҚШ президенті Джимми Картердің, Испания королі Хуан IV-тің, Франкфурт-на-Майн қаласы әкімдігінің және Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар бүгін америкалық театр және кино актрисасы Мерил Стрип 76 жасын атап өтеді. Кино мамандары мен сыншылары өнер иесін қазіргі заманның ұлы актрисаларының бірі ретінде мойындағар. Үш мәрте “Оскар” сыйлығын иеленген актриса 70-тен астам фильмде басты рөлді сомдап, көрермен жүрегінен ерекше орын алды.
Сізге Мерил Стриптің қай фильмі ұнайды?