20 МАУСЫМНАН БАСТАП КИНОТЕАТРЛАРДА ЖАРЫҚ КӨРЕТІН ЖАҢА ФИЛЬМДЕР

Автор: редактор 20 июня, 2025


 

🎬«Биік сезім» комедиясы. Биік — бойы аласа, жігерлі жігіт. Ол өзі құрған курьерлік компанияда жұмыс істейді. Алайда Биіктің бойының аласа болуы үнемі күлкілі жағдайларға ұрындырады, әсіресе қыздармен қарым-қатынаста. Басты рөлдерде: Тәуекел Мүсілім, Ерлан Примбетов, Аружан Бекболат.

Біздің кино шолу мына жерде: https://youtube.com/shorts/2og_WZW8gMw

🎬«Элио» мультфильмі. Элио — ғарышқа құмар, қиялы ұшқыр әрі өзге ғаламшарлықтарға қатты қызығатын бала. Кенеттен ол тұтас ғаламның өкілдерін біріктіретін Коммуниверс атты ғаламаралық ұйымға тап болады. Осылайша ол бұрын-соңды болмаған ғаламдық оқиғаларға араласады.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=DVjSFlRcY2k

🎬«Эвакуация» әскери драмасы. Екінші дүниежүзілік соғыс. Наталья мен оның қызы Галя қауіпсіз жер іздеп, шығысқа бет алады. Алайда теміржол бекеттерінің бірінде Наталья қызынан көз жазып қалады. Енді ол Алматыға аттанып, жалғыз үмітпен қызын іздеуге шығады. Басты рөлдерде: Наталья Витмер, Евдокия Скирта, дулыға Ақмола, Алтынай Нөгербек.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=JGAlUj4lmMM

 

🎬«28 лет спустя» фантастикасы. Қатерлі вирустың биологиялық зертханадан таралғанына 30 жыл болды. Қатаң карантинге қарамастан, адамдар аман қалудың амалын тапқан. Құтқару миссиясымен шыққан топ тірі қалғандарға ғана емес, адам болмысына әсер еткен тылсым мен үрейге тап болады. Басты рөлдерде: Аарон Тейлор-Джонсон, Джоди Комер. Жас рейтингі: 18+                

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=BNinuyNuFxA

🎬«Кровавый урожай» қорқынышты фильмі. Куинн мен әкесі жаңа өмір бастау үшін шағын қалаға көшіп келеді. Бірақ бұл жерде оларды жантүршігерлік құпия күтеді. Қаланың бұрынғы бейкүнә талисманы, қорқынышты сайқымазақ Френдо жасөспірімнің достарын бірінен соң бірін өлтіруге кіріседі. Басты рөлдерде: Кэти Дуглас, Карсон МакКормак. Жас рейтингі: 18+                

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=cdYmBlChKVo

 

🎬«Кроссы» мультфильмі. Тай мен Максин — бір-бірінен ажырамайтын, үнемі бірге жүретін кроссовкалар. Олар элиталық аяқ киім музейінде жайлы өмір сүріп келеді. Бірақ бір күні күтпеген жағдай орын алады: Максинді аяқ киім коллекционері ұрлап әкетеді. Тай болса Нью-Йорктың қарбалас көшелерімен қауіпті әрі қызыққа толы сапарға аттанып, сүйікті “әпкесін” құтқаруға бел буады. 

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=dJklGKS0CZo