20 медаль, Димаш Құдайберген, Эван Аллен. 29 қаңтардың топ жаңалықтары

Автор: редактор 29 Қаңтар, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында 20 медаль жеңіп алды.

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Бангкокта өткен 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Чемпионат 18-26 қаңтарда өтті. Елге оралған жеңімпаздарды әуежайдан жерлестері қошеметпен қарсы алды.

«Бүгін елдегі жанкүйерлер әдеттегідей өте жақсы қарсы алды. Ұзақ уақыт жолда болып, жарыстан шаршаған боксшылардың көңіл-күйі көтеріліп қалды. Біз халықтың боксты əлі де жақсы көретінін сездік. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, алда әлі көп жұмыс бар. Əуелі халықтың, сосын мемлекет пен федерация қолдауының арқасында отандастарымызды тағы да қуантамыз деп сенемін», – деді ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 2-орынға тұрақтады. Көш басында тұрған Өзбекстанмен медаль саны жағынан теңбіз.
«Бангкоктағы додада мен 57 келіге дейінгі салмақта сынға түстім. Бұл олимпиада бағдарламасына кіретін салмақ. Енді ауысқандықтан қиындау болды. Соған қарамастан жақсы нəтиже көрсеттім деп ойлаймын. Мақсат баяғыдай – олимпиада алтынын жеңіп алу», – деді ұлттық құрама көшбасшысының бірі Махмұд Сабырхан.

Еске салсақ, Таиланд төрінде Санжар Ташкенбай (49 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Жасмин Қизатова (70 кг) мен Гүлсая Ержан (81 кг) өз салмағында чемпион атанды. Сонымен қатар, 22 жасқа дейінгі жас спортшылар 3 күміс пен 12 қола жүлдеге ие болды. Барлығы 25 боксшының 20-сы медальмен оралды.

Азия чемпионатында барлығы 12 елдің боксшысы жүлде жеңіп алды.
Енді спортшылар аз-кем демалыстан соң, басқа халықаралық турнирлерге дайындықты бастайды.

Жеңісті күндеріміз көп болсын! 🤲🏻🤲🏻🤲🏻

2️⃣ Америка азаматы Эван Аллен Ninety one әндерін тыңдап, қазақ тілін меңгеріп шыққан.

Шетелік азамат Тараздағы университеттердің бірінде ағылшын тілінен сабақ береді. Ол орыс тілін мүлде білмейтінін, сондықтан қазақ тілін үйренуге дереккөз табу қиын болғанын айтты.

«Ninety one тобын тапқан кезде қатты қуандым. Мен олардың әндерінен тілді үйрене бастадым, олардан сөздер мен интонацияларды қайталай бастадым. Қазақ тілін үйренуге көп уақыт жұмсадым», – дейді шетелдік.

Эван топ әндерінің барлық сөзін біледі. Қазір ол Қазақстанда жүргенде топпен танысуды армандайды.
«Өткен айда мен олардың Астанадағы жеке концертіне бардым. Онда болғаныма өте қуаныштымын. Бір күні топпен кездесіп, оларға жеке алғыс айтамын деп ойлаймын», – деді Эван.

Ninety one әндерінен қазақ тілін үйреніп жатса, бұл – өте жақсы😍👏🏻

3️⃣ Димаш Құдайберген Үндістандағы кинофестивальде қазылық етеді.

Димаш Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері кинофестивалінің қазылар алқасы құрамына енді.

27 қаңтарда Ұлттық орындаушылық өнер орталығының Джамшед Бхабхи театрында кинофестивальдің ашылуы өтті. Димаш Құдайберген қазылар алқасының құрамында салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы dimashnews.com хабарлады.

«Қазылар алқасының мүшесі Димаш Құдайберген – поп, классикалық кроссовер, фольклорлық және опералық эстрада жанрларында әлемге әйгілі музыкалық орындаушы. Оның есімі Шығыс Еуропа мен Азияда, әсіресе Қазақстанда, туған елінде, сонымен бірге Қытайда, Ресейде 120-дан астам елде жанкүйерлер базасы бар» деп әртісті фестивальдің ашылуында таныстырды.

Талантты азаматымыздың жұлдызы биікте жарқырай берсін!👍🔥🔥