1. 22.02.2022. Иә, бүгін ерекше күн. Себебі сандар симметриялы орналасқан және күн оңнан солға, солдан оңға қарай бірдей оқылады. Дәл осы мистикалық күні 800-ге жуық Қазақстан азаматы некесін тіркеуге өтініш білдірген.
Ал сіз бүгінгі күнді қалай өткізіп жатырсыз?
2. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 12-17 жастағы жасөспірімдерге арналған ресейлік «Спутник М» вакцинасын мақұлдады. Атап өтетін жайт, Қазақстан аталмыш вакцинаны қабылдауға шешім қабылдаған алғашқы ел.
3. Елімізде ауыл оқушыларына арналған “Мың бала” ұлттық олимпиадасына тіркеу басталды. Қорытынды бойынша 1000 жеңімпаз анықталады.
Ендеше, сіз де қатысып, бағыңызды сынап көріңіз! Сәттілік!