23–29 маусымға арналған қаржылай жұлдыз жорамал

Автор: редактор 22 июня, 2025


23–29 маусымға арналған қаржылай жұлдыз жорамал

♈️Бұл аптада әмияныңыз тентек жасөспірімдей мінез көрсетеді: бірде толып, бірде босап қалады. Кенеттен туындайтын шығындардан сақ болыңыз. Бәлкім, сүйікті дәмханаңыз “есеңгіретер жеңілдіктер күнін” жариялап, өзіңізге “жоқ” дей алмай қалуыңыз мүмкін!

♉️Торпақтар, сіз әрдайым материалдық дүниеге жақынсыз. Алайда кейде жанды тәтті бір сәтпен, мысалы, жақсы бір шоколадпен еркелеткен де жөн. Ақша бәрін шешпесе де, кішкентай қуаныш жүрекке жылулық сыйлайды.

♊️Бұл аптада сіздің ойыңызға керемет табыс табу идеясы келеді, бірақ ол бұлттай ғайып болуы да мүмкін. Армандау жақсы, бірақ “Б жоспарыңыздың да” болғаны абзал!

♋️Шаяндар, қаржылай жағдайыңыз теңіз толқынындай толқып тұрады: кейде көтеріліп, кейде шегініп. Ақшаңыз “демалысқа” шыққандай сезілсе, уайымдамаңыз. Мүмкін, ол жақсы жаңалықпен қайтып келер!

♌️Арыстандар, бұл аптада өзіңізді нағыз патшадай сезінесіз және бюджетіңіз де соған сай болады. Бірақ есіңізде болсын — патшалар да кейде үнемдеуі тиіс. Ақшаңызды бір салтанатты нәрсеге, мысалы, жаңа “патша киіміне” жинаған дұрыс.

♍️Бикештер, сіздің тәртіпке және қаржылай есепке деген сүйіспеншілігіңіз бұл жолы өзіңізге қарсы жұмыс істеуі мүмкін. Дегенмен бар өмір калькулятормен шектелмейді. Шамадан тыс есеп-қисапқа кіріп кетпеңіз. Кейде жанды сергітетін шағын бір демалыс әлдеқайда маңыздырақ – өзіңізге де дем беруді ұмытпаңыз.

♎️Бұл аптада үлкен сауда жасамас бұрын жақсылап ойланыңыз. Кейде адамға қажеті — зат емес, сезім. Мәселен, жаңа кофемашина сатып алғанша, достарыңызды жылы шайға шақырған әлдеқайда естен кетпес сәт сыйлауы мүмкін.

♏️Бұл аптада қаржылай түйсігіңіз ерекше сергек болады. Ішкі даусыңыз сізді алдамайды. Дегенмен есіңізде болсын: кейде сәл ғана тәуекел ету ең ұтымды шешімнің бастауы болмақ. Егер сізге “керемет табыс әкелетін” бір идеяға инвестиция салуды ұсынса, алдымен мұқият ойланыңыз. Мүмкін, бұл жай ғана “тез баюдың” кезекті айласы шығар.

♐️Мергендер, бұл аптада өзіңізді мүмкіндіктері шексіз адамдай сезініп, шығынға еркін бой алдыруыңыз мүмкін. Дәл бір қалтаңызда шексіз балансы бар “алтын карта” жатқандай. Алайда апта соңына қарай қаржыңыздың түбі көрініп қалуы ғажап емес. Сондықтан қазірден бастап “шығынсыз күндер” аптасын жоспарлау – ақылды шешім болмақ.

♑️Тауешкілер, бұл аптада сіз бар назарыңызды жинақтауға аударып, жаңғақ терген еңбекқор тиіндей қарекетке көшесіз. Бірақ ұмытпаңыз: өмір тек үнемдеуден тұрмайды. Ақшаңыздың әр теңгесін есептегенмен, кейде шағын ғана қуаныш жанға үлкен серпін береді. Ақылды тиін де кейде мереке жасап, өз-өзіне демалыс сыйлап тұратынын ұмытпаңыз.

♒️Суқұйғыштар, бұл аптада шығармашылық шабытыңыз шалқып, ақша табудың өзгеше жолдарын табасыз. Мысалы, үйдегі ескі заттарды интернет арқылы сату – табысты бастаманың бірі болмақ. Бірақ ұмытпаңыз: сіз үшін құнды көрінген нәрселер басқалар үшін жай ғана шаң басқан естелік болуы мүмкін.

♓️Балықтар, бұл аптада байлыққа деген армандарыңыз шындыққа айналуы ықтимал. Бірақ лотерея мен қиял әлемінде жүзуді доғарып, нақты іске ден қойған жөн. Қолда барға шүкіршілік етіп, шынайы құндылықтарды бағалаңыз. Себебі, бақыттың өзі бір байлық.

Қаржылай аптаңыз сәтті өтсін! Табысыңыз еселене берсін! 

Айта кетейік, ақша әзіл мен көтеріңкі көңіл күйді ұнатады!

Бұл жұлдыз жорамал ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалған. Қаржылай шешімдерді ақылға салып, нақты жағдайларға байланысты қабылдағаныңыз жөн.


Читайте также