24 ақпан – 2 наурызға арналған қаржылай жұлдыз-жорамал
♈️Сіз ақшаның есебін жақсы білесіз, бірақ олардың бір жерде ұзақ тұрақтамайтынын көп жағдайда ұмытып кетесіз. Себебі жалақыңыз бен қосымша сыйақыңыз қолыңызға тиген сәтте жан-жаққа тарап кетеді. Осы аптаға лайфхак: дүкенге нақты тізімсіз бармаңыз, тіпті мүлде бармағаныңыз дұрыс.
♉️Қаржыңызды үнемдегіңіз-ақ келеді, бірақ айналаңыздағы жеңілдіктер мен акциялар сізге тыныштық бермейді. Сөйтіп “мұндай мүмкіндікті жіберіп алу – күнә” деген ой сананы билейді. Нәтижесінде – әмияныңыз жұқарып, қоймаңыз толып қалады. Кеңес: “екеу алсаң, үшіншісі тегін” деген жарнаманы көрсеңіз, алдымен “маған бұл зат расымен қажет пе?” деген сұрақты өзіңізге қойыңыз.
♊️Сіздің қаржыңыз америкалық әткеншекке ұқсайды – бірде бар, бірде жоқ. Оның қайда және қашан кеткенін өзіңіз де байқамай қаласыз. Кеңес: достарыңызға аяқ асты айтылған идеяларыңыз оларды шабыттандырып жіберуі мүмкін… бірақ сіздің есебіңізден.
♋️Бюджетіңізді мұқият жүргізіп, оны үнемдегеніңізбен ақшаңыздың қайда кетіп жатқанын түсінбейсіз. Мұны ғаламның сізді шыдамдылыққа сынауы деп қабылдаңыз. Жұлдыздар кеңесі: мейрамханалар мен дәмханаларда бағаға қарамай-ақ қойыңыз – бәрібір тапсырыс беріп қойдыңыз.
♌️Сән-салтанат пен әдемі өмірге деген сүйіспеншілігіңіз қаржылай қиындықтарға әкелуі мүмкін. Өзіңізді еркелеткен жақсы, бірақ банк картаңыздағы соманың шексіз емес екенін естен шығармаңыз. Бұл аптада бюджетті ақылмен жоспарлаңыз, әйтпесе жалақыға дейін тез дайындалатын кеспемен күнелтуге тура келеді.
♍️Сіздің аналитикалық ойлау қабілетіңіз үнемдеуді талап етеді, бірақ жүрегіңіз “бір рет өмір сүреміз” деп сыбырлайды. Соңында – есеп-қисап кестелері мен түнде акциямен тапсырыс берген пицца (әрине, үстіне жеңілдікпен алынған десерт) қосылады. Кеңес: дүкендердің “соңғы жеңілдік” деген сөзіне сене бермеңіз, ол келесі аптада да қайталанады.
♎️Бұл аптада “алу не алмау” деген таңдаудың ортасында қаласыз. Әдемі заттарға деген қызығушылығыңыз бюджетіңізге кері әсер етуі мүмкін. Жоспарсыз сауда жасамауға тырысыңыз, әйтпесе банк шотыңыз сізбен “қоштасуы” мүмкін.
♏️“Мен ақша жұмсамадым, демек үнемдедім” деген қаржылай тактикаңыз әрдайым жұмыс істей бермейді. Сондықтан оны үнемдеумен қатар, жинақтау да маңызды. Бірақ бұл аптада сіз күтпеген жерден қаржылай олжаға кенелуіңіз мүмкін – мысалы, күртешеңіздің қалтасынан ұмыт қалған 10 000 теңге тауып алуыңыз ғажап емес.
♐️Ақша өзіңіз секілді еркіндікті жақсы көреді – ол күтпеген жерден келіп, көзді ашып-жұмғанша ғайып болуы мүмкін. Бұл аптада артық шығындардан сақ болыңыз.
♑️Сіз – қаржы жоспарлаудың шеберісіз, бірақ маркетологтардың жарнамаға байланысты айласынан қашып құтыла алмауыңыз мүмкін. “Соңғы мүмкіндік” деген жарнамаларды көрсеңіз, сенбеңіз – ол мүмкіндік келесі аптада да қайталанады.
♒️Шығармашылыққа деген құштарлығыңыз жақсы, бірақ ол жаңа әрі аса қажет емес заттарға ақша жұмсауға себеп болмауы тиіс. Бұл аптада кенеттен жаңа гаджеттер, аксессуарлар немесе сәнді, бірақ аса қажет емес заттарды алғыңыз келуі мүмкін. Сол себепті сатып алу туралы ой туғанда өз-өзіңізге “Бұл маған шынымен керек пе?” деген маңызды сұрақ қойыңыз:
♓️Қаржылай тұрақтылықты армандайсыз, бірақ әр айдың соңында әмияныңыз бос, ал тоңазытқышыңыз толы болып шығады. Дегенмен жақсы тағам – де инвестиция. Тек картаңыздағы несие балансы шексіз емес екенін және бөліп төлеу арқылы алынған заттардың ақшасын бәрібір төлеу керегін ұмытпаңыз.
Қорытынды:
Осы аптада жұлдыздар ақшаны ақылмен жұмсауға кеңес береді, өйткені қаржы да біз сияқты – болжап болмайтын құбылыс. Сәттілік серігіңіз болсын, және ақшаңыз қалтаңызда ұзағырақ сақталсын!
Есіңізде болсын: жұлдыз жорамал тек ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржы мәселесіне қатысты шешімдерді әрдайым ақылға жүгініп қабылдаңыз.