28-29 маусым күндері Алматы мен Астанада қайда тегін баруға болады?
Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.
АЛМАТЫ:
🤞«Қияли ойлар» көрмесі
Көрмеге қойылған туындылар көрерменге әлемді өз түйсігімен көруге, көзге көрінетін нәрсенің ар жағынан сыр іздеуге мүмкіндік береді. Бұл картиналар сананы түртіп, жанға әсер ететін қарапайым әрі күрделі оқиғалардың терең мағынасын ұғынуға жетелейді. Экспозиция көркем ойдың кеңістігінде шындық, түс және миф арасындағы шекараларды еркін аралайды.
Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 28 және 29 маусым, 11:00 – 19:00
👀«Композитор» фильмінің көрсетілімі
Аталған туындыда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Алматыға тап болып, қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достық байланыс орнатқан қытай композиторы Сянь Синхайдың тағдыры суреттеледі. Қазақстан мен Қытай бірлесе түсірген бұл өмірбаяндық драма — тарих қойнауынан сыр шертетін терең мазмұнды шығарма.
Орны: «Арман» кинотеатры, Достық даңғылы, 104
Күні: 28 маусым, 19:00
💄GIRLHOOD көрмесі
Көрмеге қойылған суреттер әйелдер арасындағы рухани жалғасты бейнелейді. Олар бұл желіні өз ішіне бүгіп, тұйықтап қоймай, қайта оны жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді. Өзге әйелдерден берілген өмірлік тәжірибе көрерменнің ішкі жан дүниесімен ұштасып, жеке әрі терең сезімге жетелейді.
Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3 қабат)
Күні: 28 және 29 маусым, 10:00-22:00
👤AIGA әлем чемпионаты
AIGA — түрлі техника мен мектеп, әр алуан күрес стилі тоғысқан спорттық жекпе-жектің ең көрнекті түрлерінің бірі. Бұл – шеберлік пен шыдамдылық сынға түсетін, нағыз мықтылардың айқасы.
⠀
📍 Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Абай даңғылы, 44
Күні: 29 маусым, 09:00 – 17:00
👥«Құмтышқанның түсі» көрмесі
Медиа суретші Алена Бражникова-Агаджикова нейрожелілердің көмегімен өзінің балалық қиялында ғана бар Түрікменстан туралы естеліктерді жандандырад. Бұл – атасының әңгімелері мен бала кезгі армандардан туған елге деген сағыныш пен естеліктің, қиял мен технологияның тоғысындағы нәзік әрі әсерлі көрме.
Орналасқан жері: 101 dump галереясы, Панфилов көшесі, 101
Күні: 28 және 29 маусым, 14:00 – 21:00
АСТАНА:
🦋«RUUIN KIM/RUHIN Kim» көрмесі
Қонақтарды Лейла Махаттың өзін-өзі анықтаудың өзекті мәселесін қозғайтын Жаңа 37 картинасы күтеді. Мұнда тамырлар туралы есте сақтаудың маңыздылығы ұрпақтар беретін рухани байлықпен тең.
Орны: LM Kulanshi Art галереясы, Қасым Аманжолов көшесі, 22А
Күні: 28 және 29 маусым, 10:00 — 16:00
💐«QAZAQ CONTENT» көрмесі
Көрерменге Лейла Махаттың өзіндік болмыс пен рухани тамыр жайлы ой қозғайтын жаңа 37 туындысы ұсынылады. Бұл шығармаларда адам баласының тегін ұмытпай, рухани байлығын сақтап, оны ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы көркем тілмен бейнеленген.
Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 28 және 29 маусым, 10:00 — 20:00
Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!