3-9 ақпанға арналған қаржы жұлдыз-жорамалы

Автор: редактор 02 февраля, 2025


3-9 ақпанға арналған қаржы жұлдыз-жорамалы

Тоқты

Қолыңызға ақша түскен бойда көзді ашып-жұмғанша жұмсалып кетуі мүмкін. Осы аптада банк картаңызбен “Жалақыны кім тез жұмсайды?” деген жарыс ұйымдастырмауға тырысыңыз.

Торпақ

Торпақтар, сіз жайлылықты жақсы көресіз. Алайда дүкендегі жұмсақ кілемнің барлығын сатып алудың қажеті жоқ. Әмияныңыз сізге “ақшаны үнемде” деп ымдап тұр, жұлдыздар да бұл кеңесті қолдайды.

Егіздер

Сіз сондай дарындысыз, тіпті жұмыс істей жүріп, ақшаны қайда жұмсайтыныңызды ойлап үлгересіз. Осы аптада күтпеген шығындар болуы мүмкін, бірақ алаңдаудың қажеті жоқ — сіз қаржы мәселелерін шешудің нағыз шеберісіз.

Шаян

Ақшаны көрпешенің астында сақтау – сенімді әдіс емес. Жұлдыздар сізге: “Тәуекелден қорықпаңыз, ең болмағанда депозит ашып көріңіз!” – деп кеңес береді.

Арыстан

Арыстандар, осы аптада қаржы жағдайыңызды қайта қарау қажет. Бар қаражатыңызды сән-салтанатқа жұмсамауға тырысыңыз. Кейде 3000 теңгелік пижама да дизайнерлік киімнен кем түспейтін қуаныш сыйлауы мүмкін.

Бикеш

Бикештер, сіз – қаржы есебінің нағыз шеберісіз. Алайда осы аптада жұлдыздар тек үнемдеуге емес, өзіңізді қуантуға да кеңес береді. Мәселен, гүл сатып алыңыз. Әйтпесе өзіңізге өзіңіз қызыға қарайтын жағдайға жетесіз.

Таразы

Таразылар, жұлдыздар ескерту жасайды: егер тағы да несие алсаңыз, банк картаңыз қарсылық танытуы мүмкін. Осы аптада “қалаймын” мен “қолымнан келеді” арасындағы тепе-теңдікті табуға тырысыңыз.


Сарышаян

Сарышаяндар, сіз қаржы мәселесінде нағыз бақылаушысыз – әрбір тиыныңыздың қайда кеткенін біліп отырасыз. Бірақ ұмытпаңыз: кейде ақша да еркіндікті қалайды. Әмияныңызды жалықтырмас үшін өзіңізге шағын бір сыйлық жасаңыз.

Мерген

Мергендер, қаржыны оңды-солды шашатын уақыт емес. Осы аптада шамадан тыс шығындарыңыздың соңы кешкі асқа жылдам дайындалатын кеспе жеуге әкелуі мүмкін. Қаржы жоспарын құру туралы ойланыңыз.

Тауешкі

Тауешкілердің үнемшілдігі – нағыз өнер. Бірақ жұлдыздар ескертеді: өмір бойы «қара күнге» деп жинай беруге болмайды. Кейде өзіңізге еркіндік беріп, ақшаны тек қажеттілік үшін емес, қуаныш әкелетін нәрселерге де жұмсаңыз. Әйтпесе ақша да сізге ренжіп қалуы мүмкін.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар, осы аптада қаржылай шабытыңыз шарықтап тұр. Алайда абай болыңыз – күмәнді стартаптарға немесе “өміріңізді түбегейлі өзгертетін” гаджеттерге ақша жұмсамаңыз. Оның орнына, шын мәнінде сізге қуаныш сыйлайтын нәрсені таңдаңыз.

Балықтар

Балықтар, сіздің ақшаңыз су секілді – қалай тез келсе, солай тез кетеді. Осы аптада жұлдыздар әрбір сатып алу алдында бір сәт ойлануға кеңес береді. Бір өтініш, тағы бір ауа ылғалдандырғыш сатып алудың қажеті жоқ – үйіңізде онсыз да екеуі бар ғой.

Ескерту: жұлдыз жорамал тек ойын-сауық және кеңес беру мақсатында жасалады. Қаржы мәселесіне қатысты шешімдерді әрдайым ақылға жүгініп қабылдаңыз.