Жанар Айжанова, Зүлфия Чиншанло, Арулар.10-шы қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 10 Қазан, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Жанар Айжанова Пусандағы кинофестивальде үздік актрисалар қатарына енді.

Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, 5-14 қазан аралығында Пусан қаласында өтетін кинофестивальде әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты актерлер мен режиссерлер бас қосып жатыр. Биыл халықаралық кинофестивальде 71 елдің 242 фильмі көрсетіледі.

Танымал әнші, актриса Жанар Айжанова халықаралық кинофестивальге Азиядағы ең үздік киноактрисалардың бірі ретінде шақырылған. Оның «Аппақ келін» сериялындағы актерлік шеберлігі қазылар алқасына ұнаған. Басқа 4 үміткермен бірге Жанар Айжанова «Үздік әйел рөлі» номинациясында бақ сынады. Сыйлық 30 жастағы корей киносының жұлдызы Пак Юн Бинге – «Ерекше адвокат»драмасындағы рөлі үшін берілді.

«Менің кинода жүргеніме көп болған жоқ. Ары кетсе 10 жыл. Менің өнерімді байқап, ең жақсы актрисалардың қатарына қосу дегенді мен өңім түгіл түсімде армандаған жоқпын. Менің жетістігімді қайталап, тіпті асып түсіп, жастарымыз фестивальдарда жүлделі орындарға ие болғанын қалаймын. Мен үшін осы кинофестивальге қатысудың өзі мәртебе», – дейді әнші, актриса Жанар Айжанова.

Расымен, осы статусқа лайықты жан😍😍😍 Солай емес пе?)

2️⃣ Зүлфия Чиншанло Азия чемпионы атанды.

Қазақстандық зілтемірші екі сайыс қорытындысы бойынша 220 келіні бағындырды. Ол әуелі жұлқа көтеруде 95 килоны еңсеріп күміс жүлде, ал серпе көтеруде 125 келімен алтын алды.

Ауыр атлетикадан 2022 жылғы Азия чемпионаты 8-16 қазан аралығында Манамада өтеді. Құрлықтық турнирге 29 елден 186 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан 18 спортшы қатысады.

Жеңіс құтты болсын!🔥👏🏻

3️⃣ Ақтау, Қостанай мен Қарағанды қалаларының жеңімпаз арулары анықталды.

Яғни, «Ақтау аруы – 2022» атағын 21 жастағы Жанна Құбышева, “Қостанай аруы – 2022” атағын 18 жастағы Нина Доброжа, ал “Қарағанды аруы -2022” атағын 19 жастағы Мадина Макишева иеленді.

Ақтауда қатысушылар бес кезең бойынша сайысқа түсті. Бірінші – таныстыру, екінші – өз қабілетін көрсету. Үшінші кезеңде қатысушылар дефиле көрсетіп, төртінші кезеңде сұрақтарға жауап берді. Шешуші кезеңде қатысушылар сахнаға кеш көйлегімен шықты.

Керемет!💐💐💐