☑️ 3 ақпан – Дүниежүзілік балағат сөздерге қарсы күрес күні. Өкінішке қарай, бүгінде қоғамда әдепсіз сөздерді қолдану үйреншікті жағдайға айналды. Үлкен экрандардан, смартфоннан да қолдануды сәнге айналдырған үлкендердің, тіпті балалардың да балағат сөздерді айтатынын жиі естиміз. Шындығында, мұндай балағат сөздерді қолданатын жандардың сөздік қоры ащ болып келеді. Сол себепті олар сөйлеу мәдениетін ысырып, ең дөрекі әдеппен сөйлеп, ең қысқа әрі жеңіл жолды ұстанады. Биыл Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқан үшін жаза қолданылады. Яғни, 69 мың теңге айыппұл арқалап, 30 тәулікке қамауға алынады.
Сіз балағат сөздермен күресудің жаңа шараларын енгізуді қолдайсыз ба?
☑️ Бүгін — Халықаралық нәзіктік күні. Осы ерекше мерекенің құрметіне орай әңгімелер, өлеңдер жазылып, әртүрлі суреттер салынады. Сонымен қатар тәттілер дайындалып, іс-шаралар ұйымдастырылады. Нәзіктік әрдайым мейірімділік пен жанқиярлық энергиясын қатар алып жүреді. Сондықтан ол ғажайыптар жасай алады. Ол психикалық қысымнан емдеп, сенімділік пен жақсылыққа үміттендіреді. Философтардың нәзіктікті ем және сый деп атайтыны таңқаларлық жағдай емес. Бұл тек жақын адамдарға ғана емес, балаларға, ата-аналарға, үй жануарларына және жалпы барлық тіршілік иелеріне қажет.
Барша оқырманды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
☑️ 6 жыл бұрын Жансая Әбдімәлік Еуразияның ең сұлу шахматшысы болып танылды. Сұлулық сайысы онлайн режимде өтті. Оған Польша, Әзірбайжан, Үндістан, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан сияқты сегіз елдің шахматшылары қатысты. Жарыс кезінде Жансая 17 жаста еді. Ол Қазақстан чемпионы әрі 20 жасқа дейінгі Азияның ең үздік шахматшысы атанды.
Ал сіз қай аруды қазақ қыздарының арасында ең сұлуы деп есептейсіз?
☑️3 ақпан өмірге келген танымал әншілер. Бүгін Қазақ эстрада әншісі, киноактриса және тележүргізуші — Нағима Есқалиева 69 жасқа толды. Үлкен диапазондағы мәнерлі дауыстың иегері тек қазақ халық әндерін ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы шетелдік композиторлардың шығармаларын орындаумен де танымал. Ол Чехословакия, Моңғолия, Алжир, Куба, Германия және Данияда гастрольдік сапарлармен өнер көрсетті. «SuperStar KZ» және «X Factor»вокалдық телешоуларының қазылар алқасының мүшесі болды.
Сондай-ақ бүгін украиндық әнші, актриса және тележүргізуші — Вера Брежнева 41 жылдығын атап өтеді. Ол «ВИА Гра» поп-тобының бұрынғы мүшесі. 2022 жылы наурызда Ресейден Польшаға көшіп, украин босқындарына көмектесу үшін ерікті болды. БҰҰ-ның ЖИТС бойынша Ізгі ниет елшісі.
Сізге Нағима Есқалиева мен Вера Брежневаның қай әндері ұнайды?