5 маусымнан бастап шығатын жаңа кинолар

Автор: редактор 06 июня, 2025


🎬«Алтын Адам» мультфильмі. Бұл анимациялық туынды жас сақ жауынгері Аңқылдың шытырман оқиғаларын баяндайды. Аңқыл Хан Тәңірі шыңына өмір шоғын іздеп жол тартады. Сапары барысында ол достар тауып, нағыз жауынгерге айналып, сақ даласына төнген зұлымдықпен күреседі. Батыр Аңқылдың бастан кешкендері жас көрерменге батырлық пен адалдықтың, мейірім мен ерліктің үлгісі болмақ.

Біздің кино шолу осы сілтемеде: https://youtube.com/shorts/BbCvwTMU7nc?si=W0pEPBm9syltYCnY

 

🎬«Балерина» боевигі. Кәсіби балерина Ева Макарро ата-анасының өліміне кінәлілерді табу үшін “Руска Рома” деген қылмыстық топқа қосылады. Ол жолында көптеген қарсыластар мен одақтастарға тап болады. Солардың бірі – қылмыстық әлемде “Баба-яга” атымен танымал аты шулы киллер Джон Уик. Басты рөлдерде: Киану Ривз, Ана де Армас. Жас рейтингі: 18+                

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=AQzE5dZvMXE

🎬«Странные звуки» триллері. Жас жазушы қыз көрші пәтерден шығып жатқан түсініксіз дыбыстар жайлы әңгіме жазып, байқауға қатыспақ болады. Осы мақсатпен ол көршілерін бақылауға кіріседі. Басты рөлдерде: Рю Хва-ата, Пак Чин-у. жас рейтингі: 18+                

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=VWZW8t3U_N0

🎬«Моя мама — волшебница» драмасы. Бұл оқиға Парижде өрбиді, алайда әлемнің кез келген түкпірінде орын алуы әбден мүмкін. Алты баланың анасы бір күні дәрігерлерден ұлының ешқашан жүре алмайтынын естиді. Алайда ол тағдырға мойынсұнбай, баласының өмірін қуаныш пен үмітке, махаббат пен ертегіге толы шынайы ғажайыпқа айналдырады. Басты рөлдерде: Лейла Бехти, Джонатан Коэн. Жас рейтингі: 16+                

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=cG6RqAqqbC4

🎬«Оно: Новая глава» қорқынышты фильмі. Психотерапевт Синтия Уинстоун өзгелердің санасына ене алатын ерекше қабілетке ие. Бірде оған 14 жастағы Райли есімді қыз көмек сұрап келеді — ол өзіне жабысып алған қорқынышты тылсымнан құтылғысы келеді. Ал Синтияның қызы Джордан өз бетінше бұл істі зерттемек болып, Райлидің үйіне кіріп, жертөледен байлаулы әйелді тауып алады… Басты рөлдерде: Эшли Грин, Шон Эшмор. Жас рейтингі: 18+                

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Mx6PnHLBCPY

🎬«Заклятие: Демон внутри» қорқынышты фильмі. Әкесінің жұмбақ өлімінен кейін Каролина анасы мен мұғалімдерімен жиі жанжалдаса бастайды. Өз бойынан қорқынышты өзгерістерді байқаған қыз денесінде пайда болған таңбаның — ежелгі мысырлық жынның белгісі екенін сезеді. Ал бұл зұлым күш күн өткен сайын күшейе түсуде… Басты рөлдерде: Джиа Хантер, Джек Гулдборн. Жас рейтингі: 18+                

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=xn9Wrqz2-f4

🎬«Ганзель и Гретель: Миссия “Спящая красавица» мультфильмі. Ғажайыптарсыз аман қалуы мүмкін емес. Патшалықты құтқару үшін Сиқырлы қауіпсіздік қызметі іске кіріседі. Ең үздік агент — батыл Гретель мен оның тапқыр інісі Гензель ұйқыға кеткен ханшайымның құпиясын ашуға аттанады. Бұл күрделі тапсырмада оларға күтпеген жерден қаһарман Принц Рагнар қосылып, үшеуі сиқырға толы әлемді төңкеріп шығады.

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Qx7DiJ5sv1w

🎬«Нэчжа побеждает Царя драконов» мультфильмі. Нэчжа есімді бала-демон досымен бірге Айдаһар патшасы мен оның әскеріне қарсы соғысады. Бірақ найзағайдың соққысына түсіп, екеуі де рухқа айналып кетеді. Енді оларды қайта тірілтудің жалғыз жолы – Киелі лотосты табу.               

Трейлер мына жерде: https://www.youtube.com/watch?v=Etn2aH5dtHM