«Үйде жатпа» күнтізбесі. 13 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 13 Ақпан, 2023


☑️ 1915 жылы 13 ақпан Семейде еуропалық үлгі бойынша тұңғыш театрландырылған қойылым болды. Қазақ пьесаларының сценарийі болмағандықтан әдеби вариацияда белгілі Біржан мен Сары айтысы пайдаланылды. Сахналық мәтіннің қоюшы-редакторы және редакторы қазақ драмасы мен романының авторы – Жүсіпбек Аймауытов болды.

Сізге қазақтың қай театрландырылған қойылымы ұнайды?     

☑️Бүгін БҰҰ бастамасымен – Дүниежүзілік радио күні аталып өтеді.  Бұл күннің басты мақсаты – қазіргі уақытта маңызды болып келетін БАҚ ынтымақтастығын халықаралық нығайту. Өйткені ақпараттық соғыс қарулы соғыстан әлдеқайда әсері жойқын. Дүниежүзілік мерекені тікелей бағдарламаларды шығарумен, хабар тарату немесе қызмет көрсету станцияларымен, мейлі ол әлемдік өткені бар үлкен станция болсын немесе бірнеше тыңдармандары бар бір әуесқой клуб болсын, қандай да бір түрде байланысты барлық адам атап өтеді. 

Сіз радионы жиі тыңдайсыз ба?

☑️ Бүгін қызықты күн – әлеуметтік желідегі достар күні. Қазіргі таңда адам өмірі көптеген оқиғаларға толы. Күнделікті күйбең тіршіліктің кесірінен бетпе-бет қарым-қатынасқа, жеке кездесулерге, танысуға уақыт табу қиындап барады. Дегенмен адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттілігі сақталады. Бүгінде әлеуметтік желілер қарым-қатынастың сақталуына мол мүмкіндік беріп отыр.

Әлеуметтік желідегі достарыңызды шынайы өмірде танисыз ба?

☑️ 13 ақпан екі атақты адамның туған күні. 86 жыл бұрын қазақ тележурналистикасының негізін салушы – Марат Барманқұлов (1937-2000) дүниеге келді. Ол қазақ телевизиясындағы алғашқы циклдық бағдарламалардың авторы. Оның «Жүз жол – жүз жол» бағдарламасы спортты, туризмді, Іле Алатауының әсем тауларын насихаттады. Сонымен қатар журналистика, телевидение, мәдениеттану және түркітану бойынша 20-дан астам монографияны жазды. 

Сонымен қатар бүгін британдық әнші, композитор және актер – Робби Уильямс 49 жасқа толды. Бір күнде оның гастрольдік концерттеріне 1,6 миллион билет сатылғаннан кейін ол Гиннестің рекордтар кітабына енді. 21 ғасырдағы Еуропадағы ең табысты орындаушы болып саналады. Өзіне тән «барқыт» дауыс тембрі мен орындау тәсілі үшін оны «ХХІ ғасырдың Фрэнк Синатрасы» деп атайды.

Сізге Робби Уильямстың қай әні ұнайды?